«NASA» ғарыш агенттігі арқылы адам алғаш рет Айға қонды

Ғарыш – бізге беймәлім кеңістік. Адамзат оны зерттеуге әрдайым құмар еді. Осы бағытта алғашқы қадамды 1957 жылы Кеңес үкіметі ғарышқа тұңғыш спутникті ұшыру арқылы жасаған. Бұл оқиға АҚШ-қа үлкен серпіліс беріп, олар ғарышты тез арада зерттеуге ден қойды. Осылайша Америка елінде 1958 жылы 29 шілдеде аэронафтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық «NASA» басқармасы құрылды. 1958 жылы «NASA» ғарыш кеңістігінде 8000 адам жұмыс істеген. Алғашында олар 3 ірі лаборатория мен бірнеше сынақ полигонында зерттеу жүргізеді. Бүгінде хайтек саласында түрлі жаңалық ашып жүрген бірден-бір басқарма «NASA» тарихы осылай басталған. «Меркурий», «Джемини», «Аполлон» - Америка басқармасының хайтекте жетістікке жеткен алғашқы жобалары. «Меркурий» бағдарламасы адамның ғарышқа ұшу мүмкіндігін зерттеу мақсатында іске қосылған. Жоба аясында 1961 жылы ғарышқа алғаш рет сапар жасалды. 1961 жылдың аяғында «Джемини» бағдарламасы қолға алынды. Ол екіорындық капсуламен жабдықталған жаңа заман кемелерімен ерекшеленеді. Ішінде ғарышкердің төтенше жағдайда аман қалуына мүмкіндік беретін катапульттық орындықтары болған. 1961-1972 жылдар аралығындағы «Аполлон-1» - ден «Аполлон - 17»-ге дейінгі кезеңде 400 мыңдай адам осы айға ұшу жобасына жұмыс істеді. Алғашқы «Аполлон» кемелерінің сәтсіздіке ұшырауына байланысты бұл сапарларды ресми тіркеу 1967 жылғы «Аполлон-4»-тен басталады. Адамның өз қолымен түсірілген ең алғашқы жер ғалам шарының суреті «Аполлон-8» ұшқанда жасалған. Бүгінге дейін ең жоғары техникалық жетістік саналатын адамзаттың Айға қонуы да «NASA»-ға тиесілі. «Аполлон-11» ғарыш кемесімен жер серігіне алғаш қадам басқан ғарышкер Армстронг Нил. Қазіргі таңда «NASA» телескоптар мен спутниктер арқылы түсірілген фотолары мен видеолары қоғамдық мұра ретінде жарияланады. Күн сайын ғарышты зерттеудің жаңа технологиясын таныстырып келе жатқан «NASA» әуе кеңістігін бағындырушы басқарма.

Просмотров: 5 464

Длительность: 3мин 03сек

Добавлено: 29.10.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.