Толқын Сайдуова: Тележурналистикада әйел қауымына өте қиын

Қазақ журналистикасының саңылақтары кімдер? Қазіргі тағдыры қандай? 1993 жылы баспасөз саласында жұмыс істеп жүрген Толқын Сайдуова жақын құрбысының қолқалауымен Ұлттық арнаның табалдырығын аттайды. «Шапағат», «Арай», «Қайырлы таң!» бағдарламаларында жұмыс істеді. 1994 жылы аздаған үзілістен кейін «Таңшолпан» бағдарламасы қайта ашылады. Сол ашылған күннен бастап ол 8 жыл бойы таңғы бағдарламаны жүргізді. «Тележурналистикада әйел қауымына өте қиын. Өйткені жеке өміріңді ұмытасың, бар күш-жігер, ықыласыңды жұмысқа салмасаң, жұмысың көрінбейді. Бір күн жұмыстан қалсаң, саптан шыққан сарбаз секілді болып қаласың», - дейді Толқын Сайдуова. 1997 жылы белгілі журналист Марат Тоқашбаевтың шақыртуымен Ұлттық арнаның таңғы бағдарламалар бірлестігіне қазіргі «Айқын» газетінің тілшісі журналист Жомарт Молдахмет жұмысқа орналасады. Жомарт Молдахмет бас редактордың орынбасары қызметін атқара жүріп, тілші де болды. Нұрғали Нұсіпжанов, Майра Мұхамед сынды тұлғалармен сұхбат жүргізді. Бүгінде белгілі қобызшы Ақерке Тәжібаева туралы алғаш болып бейнематериал дайындаған да осы кісі. Расында да қазақ журналистикасы осындай азаматтардың жанкешті еңбегінің арқасында бүгінгі биігіне жетіп отыр. «Бір жеңнен қол шығара ұжымдаса еңбек еттік. Сол жылдары бізбен бірге Бақыт Қойшыбаев, Әлия Қарамендина, Күнсұлу Тұрғынбекқызы, Бақыт Жағыппарұлы секілді азаматтар жұмыс істеді. Уақытпен санаспадық. Түнгі 3-ке дейін жұмыс істеген күндер болды. Себебі техниканың қуаты шамалы еді. Сондағы мақсатымыз - қазақ тележурналистикасының ақсап қалмауы, халыққа жаңалық жеткізу. Қазіргі тележурналистикадағы жастар бақытты», - дейді Жомарт Молдахмет.

Просмотров: 5 667

Длительность: 3мин 49сек

Добавлено: 29.11.2017

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.