Роза Бағланованың ғұмыры қазақтың маңдайына жазылған асау тағдырмен тамырлас

1941 жылы Ташкент қаласында өзбек музыкалық театрының негізін қалаушыларының бірі Қари Якубов жаяу кетіп бара жатып балғын әрі керемет дауысты естиді. Байқаса, аула сыпырып жүрген жас қыз. Әнші ойланбастан сол қызды филармонияға жұмысқа алады. Ол - даңқы дүниежүзін шарлаған Қызылорда облысының тумасы Роза Бағланова. 20-ғасырдың басында туған Роза апамыздың ашаршылық нәубетіне дейінгі өмірі үш анасының қасында еркелікпен өткен. Одан кейінгі ғұмыры қазақтың маңдайына жазылған асау тағдырмен тамырлас. Себебі, сезімтал жүрек иесі өз ұлтының басына төнген зобалаңдардың қай-қайсысына да бейжай қарап отырмайтын. «Роза апайдың ылғи бір ерекше арманы болатын. 80-нің үстіне шыққанда «Төлеген, маған ән жазып бер. Мен өзімнің ерекше әнімді әлі орындаған жоқпын»,- деді. Мен оны өмірдегі ғаламат мысал ретінде қабыдадым. Себебі, адамның алдында арманы болу керек. Өмірде мақсат қойып, жақсылық күту керек», - дейді Төлеген Мұхамеджанов. «Филармонияда күнде келіп, дауысына жаттығу жасайтынын көретінмін. Ол кезде жасы 80-ге таяп қалған. Ол кісінің көзі тірісінде аңызға айналуының себебі, ажарына, болмысына дауысы сай болды, халқы жақсы көрген әнші болды. Сыңғырлаған дауысы жүректі баурап, сұлулығы көздің жауы алатын», - дейді әнші Ләззат Оралқызы. «Роза апамыздың бойында түрлі түрлі қасиеттер толып жатыр. Оның ең бір қасиеті – қазақша патриотизм. Бармағының ұшынан шашына дейін қазақи еді», - дейді бұлбұл әнші туралы опера әртісі Байғали Момбеков.

Просмотров: 2 687

Длительность: 7мин 01сек

Добавлено: 20.11.2017

Пользователь: Телеарна ұсынады

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.