Ақын Мылтықбай Ерімбетов: Біз ене-ата болуға дайынбыз ба?

Ұл туса асық жиып, қыз туса моншақ түйген қазақ халқы ұлды – ырысым, қызды - өрісім деп білген. Әдетте қыз ғұмыры келте, жолы қысқа деп айтып жатады. Бойжеткен ару бөтен үйдің табалдырығын аттаған сәттен бастап келін болады. Енді бәрі бұрынғыдай емес. Төрге тек төркінге барғанда шығады, басына орамал тағып, босағадан орын алады. Өзгелер «барған жердің бағын аш, судай сіңіп, тастай бат» деп тілегін айтып жатады. Бұрынғы қазақ келіндері қандай еді? Қазір қандай? Келіндердің қандай болғанын қалаймыз? «Qareket» бағдарламасының қонақтары осы және басқа сұрақтарға жауап іздейді. Филолог Бибігүл Сұлтанова: Қазақта келіннің отбасындағы және әлеуметтік қызметіне үлкен мән берген. Қазақ келін таңдап, алар алдында үлкен дайындық жасаған. Оның жарқын мысалы – Төле бидің келін таңдау туралы аңызы. Келіннің бір сәлемі ғана көптеген келіспеушіліктің алдын алған. Ол «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды деген. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды. Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел», – деп келінді өзі таңдауға бекінген екен. Жалпы, әйел ғұмырын қызы, келін, ана, ене кезеңі деп қарауға болады. Соның ішінде ең қиын кезең – келін кезеңі. Ақын Мылтықбай Ерімбетов: Келінге біреудің қызы деп қарауға болмайды. Келін өзіңнің балаңдай. Меніңше, қазір үлкен салмақ келіндерге емес ата-енеге салынады. Қыз бала тек үйінде жаман тәрбие алады деп ойламаймын. Ол барған үйінен де жаман болуы мүмкін. Ал, біз ене-ата болуға дайынбыз ба?

Көрулер: 3 082

Ұзақтығы: 13мин 57сек

Қосылды: 16.04.2019

Пайдаланушы: Қарекет

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.