Елімізде глаукома дертіне шалдыққандарға арналған мобильді қосымша қосылды

Суқараңғы (глаукома) – көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы. Глаукома – көзден сулы ылғалдың шығуының бұзылуымен, көзішілік қысымның жоғарылауымен, көру жүйкесінің атрофиясымен және көру қызметінің үдемелі төмендеуімен жүретін аурулар тобы. Суқараңғы 40 – 50 жастағы адамдар арасында пайда болады, кей жағдайларда жас балаларда (іштен туа біткен) және жасөспірімдерде кездеседі. Аурудың бастапқы кезеңінде көздің алды тұманданып, жарыққа қарағанда, «кемпірқосақты» көргендей белгілер байқалады. Глаукома - көз ауруларының ішінде ең көп тараған аурулардың бірі. Оны емдеудің және алдын алудың жолы қандай? Медицина ғылымдарының кандидаты, көз дәрігері Әсел Байдәулетқызы Алматы студиясының қонағы болып, осы және басқа сауалдарға жауап берді. «Глаукома қайтымсыз соқырлықтың негізгі себептерінің бірі болып табылады. Мәліметтерге сүйенсек, әлем бойынша 64 млн-нан астам адам осы науқасқа шалдыққан. Ал, 2020 жылы бұл сан 76 млн-ға өсуі мүмкін. Біздің елде ресми дерек бойынша 68 мың адам осы ауруға шалдыққан. Ол шынында ол екі есе көбірек болуы мүмкін. Бұл аурудың алғашқы кезеңде белгілері болмайды. Немесе науқас ол белгілерге мән бермейді. Адамның көзі, басы аурырып, көзге сұйықтық толуы мүмкін. 40-тан асқан адам жылына бір рет көз қысымын өлшету керек. Глаукоманың 60-тан аса түрі және ол тұқым қуалайды. Цифрлық медицина аясында қарапайым халыққа медицинаны қолжетімді ету жағынан жұмыстар жасалуда. Дәрігер мен науқасқа көмекке келетін дүниенің бірі – глаукома дертіне шалдыққанға арналған мобильді қосымша. Бұл мобильдік қосымша дәрігердің нұсқаулықтарын орындаумен қатар көз қысымын өлшеуге мүмкіндік береді», дейді дәрігер.

Көрулер: 2 004

Ұзақтығы: 8мин 10сек

Қосылды: 01.04.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.