Елордада 26 наурыздан 5 сәуірге дейін жаңа емлені меңгеруге арналған курстар өтеді

Елордада 26 наурыздан 5 сәуірге дейін курстар өткізіледі. Курстың мақсаты, негізі неде? Елбасының тапсырмасына сәйкес, елімізде латын әліпбиіне көшу жұмысы басталып кетті. Сол атқарылар шаруалардың үлкен ауыртпашылығы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына түсті. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» орталығы әдістеме басқармасының басшысы Айнұр Сейітбекова «Tansholpan»-ның қонағы болып, латын негізді қазақ жазуына қатысты сұхбат берді. «Елімізде жаңа емле ережелері мақұлданды. Оқу әдістері қандай болады деген сауалдар туып жатыр. Жаңа емлені енгізуге байланысты қоғамды екі топқа бөлуге болады. Біріншілері - оқу-білім саласында жұмыс істейтін, оқитын оқушылар мен қызметкерлер. Олар күнделікті осы салада жүргендіктен олар үшін жаңа емле қиындық тудырмайды. Екінші топ – мұндай процеске қатысы жоқ сала мамандары. Осы мамандарды біз қамтып отыруымыз қажет. Біздің орталықтың мақсаты – осы салаға қатысы жоқ мамандар үшін білікті тренер дайындау. Ол орталық тіл мамандары, БАҚ, баспа, аудармашылар, ұлттық компания қызметкерлері. Курстың мақсаты - тренерлерді дайындап, елдің түпкір-түпкіріне жіберу. Олар әрі қарай қалау, аудан, ауыл тұрғындарын үйретіп шығады. Осындай курстар үшін арнайы оқулықтар жасалды. 2 аптадан тұратын 72 сағаттық курс бүгіннен басталды», дейді қонақ.

Көрулер: 2 650

Ұзақтығы: 12мин 19сек

Қосылды: 26.03.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.