Суретші Болат Сырлашұлы дүниежүзіндегі қылқалам шеберлерін елең еткізетін туынды жазуда

«Tansholpan»-ның бүгінгі кейіпкері суретші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Сырлашұлы. Қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар Болат Сырлашұлы бүгінде космоарт бағытында еңбектеніп жүр. Автордың «Томирис» туындысы Тұмар ханшайымның ерлігі мен батырлығын көрсетеді. Суретші осы тақырыпта көлемді, бірнеше сериалы картина салуды жоспарлаған. Төлтуманың композициялық шешімі дән секілді пішіндерден құралған. Болат Сырлашұлы осы уақытқа дейін жаңа туындысын ешкімге көрсетпеген. Космоарт әлемі - бейтаныс жанр. Сондықтан, бұл дүниежүзіндегі қылқалам шеберлерін елең еткізетін туынды болайын деп тұр. Давинчидің «Мона Лизасы» әлемде сұлулықтың символы болса, Томирис батырлықтың белгісі болады деп үміттенеді автор. Болат Сырлашұлының суретші болуына жездесі танымал қылқалам шебері Аманкелді Тұрсынов ықпал еткен екен. Ал, жоғарғы оқу орнына түскеннен кейін ол Қанапия Телжанов, Ескен Серкебаев, Камиль Шаяхметовтен бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйренеді. Бүгінде өзі де ұстаздық жолда еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп келеді. Оның ойынша, ішкі жан дүниесі таза, дүниетанымы терең адамнан ғана жақсы суретші шығады.

Көрулер: 2 158

Ұзақтығы: 4мин 15сек

Қосылды: 25.02.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.