Айдос Сарым «Парасат майданында» БҰҰ-ның идеясы туралы сөз қозғады

БҰҰ - Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дербес мемлекеттердің ерікті түрде бірігуі арқасында құрылған халықаралық ұйым. Ұйымның атауын Америка президенті Рузвельт ұсынып, Жарғысы талқыланып, қабылданды, мақсаттары мен міндеттері белгіленді. Жарғы 1945 жылы 24 қазанда күшіне енді. Оны 1939 жылдары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашизмге қарсы болған мемлекеттер белгіледі. Құжаттары орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, алғашқы 51 мемлекет қол қойды. Жарғы бойынша БҰҰ өз міндеттерін орындау үшін оның мүшелері мына принциптерді басшылыққа алуы қажет: барлық мүшелердің дербес теңдігі, ұлы державалардың бірауыздылығы, халықаралық талас мәселелерді бейбіт келіссөздер арқылы шешу, ұлттар арасындағы достық арақатынасты дамыту және адам құқығын құрметтеу. Жарты ғасырдан астам уақытта ұйым шамасы келгенше халықаралық бейбітшілікті сақтауға, езілген халықтардың бостандыққа жетуіне көмектесті. Осы негізді алты басты органы бар Ұлттар ұйымы өзіне мүше барлық мемлекеттердің жоғарыдағы қағидаларды ұстануын талап етеді. Өйткені, аумалы саяси жағдай көрсетіп отырғандай ұйымның шешімін құрметтей бермейтін ел де бар. Саясаткер Айдос Сарым студия қонағы болып, ұйымның мақсаты, жетістіктері, идеясы туралы сөз қозғады. «Өкінішке қарай саясаттың көптеген құйтырқысы бар. Оның бірі саясаткердің «менің дүниеме сай болса, қабылдаймын, сай болмаса, оны жоққа шығарамын» эгоизмі. БҰҰ-ның шығу тарихына назар аудару керек. Оның бастауында Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі құрылған «Ұлттар лигасы» атты ұйым болды. Бірақ, араға 13 жыл салып, «Ұлт лигасы» жойылды, себебі, әр держава өзіне тарта бастады. «Ұлттар лигасы» құрылған кезде дүниеде 40-тан астам ғана мемлекет, ал, БҰҰ құрылған кезде 100-ге жуық мелекет болды. Қазір әлемде 200-ден аса мемлекет бар. Яғни, бүгінгі дүниежүзілік саяси карта әлі аяқталып біткен жоқ», - Айдос Сарым.

Көрулер: 2 922

Ұзақтығы: 5мин 16сек

Қосылды: 31.10.2017

Пайдаланушы: Парасат майданы

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.