Жүзу спортында танылған жігерлі жандар

Жүзудегі жігерлі жандардың бірі – Зульфия Габидуллина. Ол 13 рет әлемдік рекорд орнатып, 60-тан астам медаль иеленді. Ол қазір жүзуден әлемнің ең үздік спортшыларының сегіздігіне кіреді. Жасында алған жарақат өжет мінезді қызды жасытқан жоқ. Керісінше, келешегіне сенім мен үміт сәулесін сыйлады. Оның арманы Олимпиада ойындарында бақ сынау болды. Ол мақсатына 47 жасында жетіп, 2012 жылы Лондон жазғы Паралимпиадасына қатысты. 2016 жылы Риодағы Паралимпиада ойындарында 51 жастағы Зульфия Габидуллина алтыннан алқа тағып, әлем рекордын орнатты. Тынымсыз еңбегі мен үздіксіз жаттығудың арқасында еліміздің әнұранын әуелетті. Қос қолынан айырылса да, қайтпас мінез көрсетіп, намысын бермеген тағы бір спортшы - Сиязбек Далиев. Ол Азиада алтынын алумен қатар, әлемдік рекорд орнатқаны халықтың есінде. Мұны осы спорттағы өте күрделі, үздіксіз жаттығулардың арқасында ғана жемісін беретін жүзу стилі екенін ескерсек, Сиязбек Далиевтің бұл жолда қанша тер төккенін, қанша уақыт жұмсағанын бағамдауға болады. Басына түскенді тек сынақ деп қабылдайтын спортшы өмір ағысына да қарсы жүзе алатын өжет мінезімен өзгелерге үлгі. Енді оны Жазғы паралимпиада ойындарының алтынын алсам деген асқақ арманы алға жетелеп келеді.

Көрулер: 1 609

Ұзақтығы: 1мин 56сек

Қосылды: 14.02.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.