Мемлекет басшысының төрағалық етуімен ҚХА 26-сессиясы өтті

Қол жұмылмай, жылынбайды... Ақылды нақыл. Алыстан аңдысқан алмағайып заманда қазаққа керегі – бірлік, тыныштық. Ішкісі де, сыртқысы да маңызды. Әлемдегі кірпігінен қырау тамған азулы үш империяның екеуі іргемізде жатыр. Даңғайыр дала, керіле көсілген кең аумақ, 14 мың 500 шақырымға созылған шекараның бүтіндігін сақтау үшін кіммен болса да, дос болған абзал. Шаңырағың шайқалмасын десең, ішкі татулықты да сақтай білу ләзім. Ел-жұрт, үлкен-кіші болмашыға өкпелеп, бір-біріне қырын қараса, алты бақан ала ауыз болса, бастан бақтың тайғаны. Ішкі тұтастығына сызат түсіп, іріп-шіріген мұндай елдерге - маңайда мысал көп. Осы аптада елдегі «бейбітшілік», «бірлік» ұғымдарының синониміне айналған Ассамблеяға мүше қауым 26-шы рет бас қосты. Мемлекет басшысы төрағалық еткен алқалы жиынның тақырыбы өзекті. «Бес әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры». Иә, халықтың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болған кезде ғана қуатты мемлекет құруға болады. Тұрғындардың күдер үзбеуі үшін тұрмысын түзеуі үшін үкіметтен 2 трлн. 600 млрд. теңге бөлінетін болды. Бес бастаманың ішіндегі көпшіліктің көңілін тоғайтып, көкейінен шыққаны - баспанамен қамту жайындағы жоспар. «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы қарапайым халықтың қалтасына лайықты түзіліп отыр. Бұған әрбір қазақстандықтың қатысуға қауқары жетеді. Алдымен тек ақшаны үнемдеу жолын үйрену керек. Бастаманы жүзеге асыру үшін Ассамблея мүшелері де ат салысатын болды. Оған бөлінетін 2 трлн. 600 млрд. теңгеге қадағалау жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттің әр тиынының мақсатты жұмсалуына бақылау жасай алады. Жиында Президент тағы қандай міндеттер жүктеді, алда қандай жобалар жүзеге асады?

Көрулер: 1 628

Ұзақтығы: 10мин 07сек

Қосылды: 29.04.2018

Пайдаланушы: Аpta

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.