Еуропадағы ең үлкен театрлардың бірінде «Абай» операсы сахналанды

Өткен жылдың соңында «Астана Опера» театры Еуропадағы ең үлкен театрлардың бірі «Карло Феличе» залында өнер көрсетті. Үш күнге жалғасқан гастроль барысында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы сахналанды. Спектакльдегі басты партияны Сүндет Байғожин орындады. Опера әншісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин «Tansholpan» студиясының қонағы болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен, алдағы жоспарымен бөлісті. «Өнер жолына аяқ аттағаннан бері «Абай» операсын орындау арманым еді. Ол барлық опера әншілерінің арманы. Операны Еуропа театрында қойдық. Шетелдіктер өз бағасын беріп жатыр. Абай операсын көрсетсек, қазақ операсын көрсетеміз. Ол Ұлы даланың көркемдігін әспеттейді. Ол әшекейлеп тігілген киіз үйлер, қазақтың салт-дәстүрі, киімі. Заманауи технологиялар сахна үстінде көлемді декорацияның ашылуына мүмкіндік берді. Қазір «Евгений онегин» операсына дайындық жүріп жатыр. Маусым айларында Италияда 3 спектакльге қатысамын. Опера өнері – қиын өнер. Оны алып жүру оңай емес. Ол үшін күнделікті дайындық керек», - дейді өнер иесі. Одан басқа Сүндет Байғожин жаз айларында Италияның «Карло Феличе» театрында «Мадам Баттерфляй» қойылымында өнер көрсететінін айтты.

Көрулер: 1 459

Ұзақтығы: 12мин 38сек

Қосылды: 06.02.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.