ҚХА-ның «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсаукесері өтті
Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамасымен Бурабай курорттық елінде Қазақтан ғылыми-ағартушылық жобасының салтанатты тұсау кесу рәсімі өтті. Абылай хан алаңында бастау алған республикалық шара этностар арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге бағытталған. «Қазақтану жобасы әсіресе жастарға керек. «Қасиетті Қазақстан» экспедициясы барысында еліміздің барлық тарихи орындары қалыпқа келтіріліп, насихатталады. Ал, өткізілген шараларды Ассамблеяның ресми сайтынан бақылап, көруге болады», - дейді ҚХА Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко. Шараға еліміздің жетекші институтының ғалымдары, қоғам қайраткерлері, Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдар мен республикалық жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Қазақтану жобасы барысында тұсау кесу, шашу секілді ұлттық салт-дәстүрлер насихатталды. «Қазақтану әр ұлтта бар. Мысалы, түркітану – әлем бойынша түркі елінің тарихы салты мен дәстүрін зерттейтін ғылым. Сол секілді Қазақтану қазақылық, қазақ ұғымы туралы айтады», - дейді «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали. Жоба аясында қатысушыларға арналған экскурсия жүргізіліп, қасиетті Бурабай жерінің тарихи деректерімен таныстырылды. Қазіргі таңда аталмыш аймақта 18 туристік фирма жұмыс істеп, жыл сайын шетелдік меймандардың осы өңірге деген қызығушылығы артып отыр. Сондықтын қазақтанудың Көкшетау жерінен бастау алғаны өте орынды. Алдағы уақытты еліміздің әр өңірінде қазақтану бойынша нақты жұмыстар бекітіліп, жүзеге асырылады. Республикалық маңызы бар шара үш жылға созылады.
Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.
Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.