Люция Төлешова: Шәкірттерім менен асып кетсе, мен үшін үлкен ғанибет

Ол - көмейіне бұлбұл ұялаған әнші. Ол - өнерде ізбасарларын тәрбиелеп келе жатқан ардақты ұстаз. «Сіз қайда жүрсіз?» айдарының бүгінгі кейіпкері - ҚР Еңбек сіңірген әртісі Люция Төлешова. Люция Қажығалиқызы Чайковский атындағы училищенің түлегі, Мәскеу Мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған. Шығармашылық жолы театр сахнасында басталған өнер иесі кейін ұстаздық қызметке ауысқан. Студенттер үшін Люция Қажығалиқызының орны бөлек. Шәкіртерінің барлығы қазақ өнеріне үлкес қосып жүрген танымал жандар. Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық «Опера және балет» театрында ұзақ жыл еңбек еткен әнші операларда басты рөлдерді сомдады. 1968 жылы «Гүлдер» ансамблі құрылғанда Люция Қажығалиқызы әншілердің даусын қойып, вокалдан дәріс өткізе бастаған. Кейін Мемлекеттік телерадиокомитет оркестірінің әншісі қызметіне арнайы шақырылып, талай туындыны таспаға жаздырды. Сол шығармалар Қазақ радиосының «Алтын қорын» толықтырды. Люция Қажығалиқызының репертуары қазақ, орыс, шетел композиторларының әндері мен романстарына бай. Қай шығарманы орындаса да, жүрекке жеткізе біледі. «Менен өткен әрбір әншінің тағдыры әртүрлі. Қалай болғанда да өз шәкірттерімді өте жақсы көремін. Оларды бөліп, жармаймын, олар өзіме туған баламдай. Шәкірттерім менен асып кетсе, мен үшін үлкен ғанибет. Мен шетел емес, ел ішінде жүріп, өлең айтқанды жақсы көремін. Халықтың қошеметін алып, олар сені қабылдаса, сол үлкен байлық», - дейді Люция Қажығалиқызы.

Көрулер: 3 295

Ұзақтығы: 5мин 38сек

Қосылды: 10.12.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.