Жазушы Эрнест Төрехан: Мен үшін қол шапалақта дегенді ұнатпаймын

Тіл жанашыры, журналист, жазушы Эрнест Төрехан 75 жасқа толды. Әдебиет саласына келмес бұрын 60-шы жылдары құрылысшы мамандығын меңгерген бозбала Қазақ Мемлекеттік университетінде білім алған. 1963-1966 жылдары әскери борышын өтеп, кейін оқуын сырттай жалғастырды. Шығармашылық жолы «Лениншіл жас» газетінде басталған жас маман корректор, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Торғай, Маңғыстау облыстары ашылғанда сол аймақтарға аттанып, мұнайшылардың өмірімен жақын танысты. Нәтижесінде көлемді шығармалар өмірге келді. Мәскеу Мемлекеттік университетінің философия факультетін тәмамдаған Эрнест Төрехан ұзақ жылдар бойы жазылым баспаларында, «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеді. Қазақ тілі қоғамын құруға белсене араласып, ана тіліміздің аясын кеңейтуге үлесін қосты. Жазушының алғашқы кітабы «Хан тәңірі» 1978 жылы жарық көрді. Одан кейінгі «Алтын шеңбер», «Таудан түскен із», «Ескендір мен Роксана», «Алматыда күн ашық» шығармалары - қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі дүниелер. «Бойымдағы қасиетім – дабыраны жақсы көрмеймін. Жалғыздықты ұнатамын. 70 жасымды саналы түрде атамадым. Оның үстіне, біреуді сүйреп, мен үшін қуан, қол шапалақта дегенді ұнатпаймын. Шын жазушы болсам, халық өзі шақырады. Кітап жазған соң айтатын ойың болу керек. Ойды жазатын нәрселер әлі көп. Керектілерін алдыға салып, екі роман жазып жатырмын», - дейді жазушы. «Таңшолпан» бағдарламасының ұжымы мерейтой иесін құттықтап қайтты.

Көрулер: 2 011

Ұзақтығы: 4мин 38сек

Қосылды: 12.11.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.