Осы аптада Халық жазушысы Шерхан Мұртаза дүниеден озды

«Біреулерге Құдай бәрін береді. Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу-маржан - бәрі бар. Төрт құбыласы сай. Бірақ, иман жоқ. Ең сорлы адам сол. Бір кем дүние...», «Атадан алтау тусаң да, бір жалғыздық. Бір кем дүние...», «Кейбір бастар ішінде дәнегі жоқ жаңғаққа ұқсайды. Ондайлар көп қой. Бір кем дүние...», «Алтын өзі тотықпайды. Адамдардың жанын тотықтырады. Бір кем дүние...». Осы апта қазақтың қадірлі ұлы, ұлттың ұлы сөзін сөйлеген Шерхан Мұртаза да бес күн фәни жалғаннан келместің кемесіне мініп, мәңгілік мекенге аттанды. Шерхан Мұртаза ел арасында ақылман Абайдай, алдаспан Махамбеттей, айтқыр Қасымдай, ақиық Мұқағалидай айрықша қастерленді. Жұрт оны алмастай тіліп түсер өткірлігі үшін, қара қылды қақ жарған әділдігі үшін, бет қаратпас алапат батылдығы үшін өліп-өшіп жақсы көрді. Елбасы да айтты, «Шерхан Мұртаза қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы «Шерағаң» деп қадір тұтты. Алаштың асыл ұлымен қоштасуға Шерағаңның шекпенінен шыққан шәкірттері, Алтай мен Еділ арасындағы ақеділ ағайын Алматыға арнайы ат шалдырды.

Көрулер: 2 097

Ұзақтығы: 6мин 15сек

Қосылды: 14.10.2018

Пайдаланушы: Аpta

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.