23 жасында еліміздегі ең жас ғалым атанған Дина Бұғыбайқызы: Кез келген бизнесті кішкентай қадамнан бастау керек

Әйел бақытты болуы үшін оның сүйікті кәсібі, ісі, ошағы болуы керек. «Мақпалдың мекені» айдарының қонағы - осы мысалдарға лайық Дина Бұғыбайқызы. Дина заң ғылымдарының кандидаты, төрт баланың анасы, Ақтау қаласындағы екі мейрамхананың иесі. Студия қонағы өз жетістерімен бөлісті. «Заң факультетін үздік бітіріп, 23 жасымда Қазақстандағы ең жас ғалым атандым. Бұл өмірдегі ең бірінші жетістігім болды. Оны ұмыту мүмкін емес. Оны тек басынан өткен адам біледі. Әбден қиналдым. Орыс тілінен қазақ тіліне аударып, ең бірінші болып қорғап шықтым. Отбасымда алты қыз, бір ұл. Әкем психолог. Біздің тәрбиемізге әкеміздің үлесі көп тиді. Оқу бітіріп, Алматыға келдім. 24 жасымда 150 адамның алдына шығып, лекция оқыдым. Қатал ұстаз болдым. Әлі күнге дейін дәріс беремін. Ғылымды тастаған жоқпын. Заң саласында оқулықтар жаздым. 30 жасымда тұрмыс құрдым. Жолдасымның да өз айналысатын ісі бар. Екеуміз де қонақжаймыз. Жасымыз келіп үйленсек те, ол кезде ақшамыз болған жоқ. Алдымен асхана ашу туралы жоспар құрдық. 4-5 жылдан кейін жаңа форматта ресторан ашу туралы ой келді. Қаражаттың басын құрап, мейрамхана аштық. Бір жылдың ішінде Ақтауға танымал мейрамхана болды. Осы күнге дейін бір команда болып жұмыс істейміз. Кез келген бизнесті кішкентай қадамнан бастау керек. Одан кейін іштей қорқу болмау керек. Мені осыған жолдасым үйретті. Күйеуім тәуекелшіл азаматтардың бірі. Әрбір әйел үйде отырса да, қызмет жасап, кәсіппен айналасуына болады. Ол үшін жан-дүниесіне жағатын кәсіп болуы керек. Ішкі дүниені тыңдап, өзіне ұнайтын істі таңдау керек. Бұған барлық мүмкіндік бар. Ол әлеуметтік желі, оқулық, басқа да құралдар», - дейді қонақ.

Көрулер: 2 326

Ұзақтығы: 31мин 29сек

Қосылды: 19.04.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.