Ерлан Рысқали: Сахнаға өнер мектебін бітірген, кемелденген өнерпаздарды шығару керек

Бір жылдық сапардан елге оралған әнші Ерлан Рысқали «Таңшолпанның» төрінде қонақ болды. «Қайда жүрсең де қазақ болып қаласың. Әрине, еліңді аңсайсың. Ауылыма әлі жете алмай жүрмін. Балаларымның сабақтарын, құжаттарын реттеп, енді өлкем Аягөзге жол тартпақпын. Англияға жұбайым да, балаларым да барды. Сыртта ағылшын тілін меңгеріп, балаларым да үйренді. Лондонда мен араласқан 50-ге тарта қазақ отбасы бар. Олардың қандай да бір жиын тойлары болса да ортасында жүрдім. Қазақ қауымдастығының бұрынғы және қазіргі төрағаларымен араластым. Оның нәтижесі де жоқ емес. Елге оралсам да дәстүрлік әнді танытуға үлес қосқаным үшін алғыс хаттар келіп жетуде. Жалпы ағылшындар өнердің қай түрі болса да жақсы қабылдайды. Жанр деп бөлмейді, жатырқамайды. Өте мәдениетті тыңдайды. Ал, өнер ұнап жатса келіп, қол алысып, алғыс айтады. Олар бізден анағұрлым алдыға кеткен мемлекет. Біздің елде, әсіресе үлкен буындарда кеңес үкіметінде қалып кеткен адамдар көп. Санасы тәуелсізденбеген адамдар көп. Себебі еркін ойлай алмайды, бір дүниеге қатып қалған. Оны өзгерте алмайсың. Бұйырса елімізді тәуелсіздік алғаннан кейін туған жастар дамытуы мүмкін. Ұлттық өнерді дамыту үшін оны тек бір арнада көрсету аз. Қазақстан мемлекетінің құндылығы әуелі - домбыра, ұлттық өнер. Сондықтан ұлттық құндылыққа бейжай қарамай, басқа да арналар көрсетіп, танытуы керек. Қазіргі кезде домбыра ұстап, ән салып жүрген аға буын аға, апаларымыз қай жерге барып ән айтарын білмейді. Шығармашылық өсу жоқ. Сұраныс жоқ болса кімге керек? Сапа болу үшін сұранысты жасау керек. Қай сала болса да әуелі жағдай жасау керек. «Men qazaqpyn» жобасы бізден кейін өсіп келе жатқан жастар үшін жол ашу, ынталандыру. Ал, аға буын қайда? Жастар сапалы өнер көрсетіп жатыр деп айта алмаймын. Дода додамен, алайда ұлттық өнердің сапасын төмендетіп жіберуі мүмкін. Олардың тәжірибе алып, өнер көрсеткені жақсы. Бірақ сахнаға өнер мектебін бітірген, кемелденген өнерпаздарды шығару керек», - дейді өнер иесі.

Көрулер: 2 373

Ұзақтығы: 13мин 59сек

Қосылды: 10.09.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.