Күнсұлу Тұрғынбекқызы: «Таңшолпан» - телевизия саласындағы алғашқы ұжымым еді

Журналист Бақыт Жағыпарұлы мен актриса Күнсұлу Тұрғынбекқызы Алматы қаласының студиясында қонақ болды. «Дәл осы студияда эфир жүргізген болатынбыз. Ол кезде біз Астана студиясымен алма кезек шығатынбыз. Ең қызығы, сол кездегі ұжым қолдағы барымен жұмыс істейтін. Өзімнің алғашқы эфирге шыққаным әлі есімде. 2001 жылдың кезі. Жаңа жылға дайындық, екі кештің ішінде эфирге шығатын болдым. Бірақ, үстіме киетін костюм таппай, бүкіл арнаны аралап, бас редактор сол кездегі телеарнаның видеотекасын басқарып отырған Молдабек Сағымбековтың костюмін шешіп алып, маған кигізген. Телеарна саласында тұсауымды кескен осы «Таңшолпан» бағдарламасы болатын. Әр саланың өз құпиясы болады. Мысалы радио, телеарна, режиссура және тағы басқасы. Басқа коммерциялық телеарнада да жұмыс істедім. Бірақ, «Таңшолпан» өзіме ыстық», - дейді Бақыт Жағыпарұлы. «Не болса да алғаш рет қорқыныш пен ләззат сезімі болады. Тіпті бүгін қонақ болып отырсам да, толқып отырмын. «Таңшолпанның» 25 жасы - екі мүшел жас. Ол керемет кез еді. Жатақханада тұрамыз. Таңертең серуендеп келетінбіз жұмысқа. «Таңшолпан» өмірлік олжамды көбейтті. Телевизия саласындағы алғашқы ұжымым еді, одан кейін «Балапан» телеарнасында қызмет еттім», - дейді Күнсұлу Тұрғынбекқызы.

Көрулер: 3 015

Ұзақтығы: 14мин 44сек

Қосылды: 24.11.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.