Өзге елде тіркелген темір тұлпармен Қазақстанда қиналмай жүру үшін нені білу керек?

«Ас ішерде керек, көлік көшерде керек» деген бар. Күнде көшіп жатпаса да адам біткен қазір жаяу жүргеннен гөрі жамбасын жайлы орындыққа жайғастырып көлікпен ызғытқанға әуес. Соның бір дәлелі, «WardsAutо» компаниясының зерттеуі. 1986 жылы Жер шарында 500 миллион көлік болған. 2009 жылы темір тұлпар саны 980 миллионға жеткен. Қазір жер бетінде 1 миллиардтан астам автокөлік тіркелген. Мамандар бұл көрсеткішке 2050 жылы тағы 1,2 миллиард көлік қосылады деген қорытынды шығарды. Мұны естіген экологтар күндіз-түні көзі ілмей адамзат баласының темір тұлпар тізгіндеуін тоқтату керек немесе көлік құнын қол жетпестей қымбаттату керек деп дабыл қағуда. Біздің елде көлік алғандардың көшін Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бастап тұр. 2018 жылдың бірінші маусымында ол жақта 39 607 машина тіркелген. Екінші сатыда Алматы облысы 38 327 автокөлік тіркеуге қойылған. Үшінші орында Алматы қаласы, төртінші Астана қаласы. Бұл екі ірі шаһарда тиісінше 32 705 және 21 994 темір тұлпар жаңа қожайынын тапқан. Бұлардың жартысынан астамы бұрын өзгенің меншігінде болған автокөліктер екенін ескерген абзал. Көбісі біздің ойқы-шойқы, ойдым-ойдым жолдарда талай мәрте бұзылып жолда қалған машиналар. Осы мәселені мақұлмен емес, ақылмен шешу үшін уағында шетелдің тақтайдай тас жолдарында жүйткіп жүрген темір тұлпарларды қандастарымыз жаппай сатып алып қарқ болды. Кейін салығы көбейіп көптің қолы жетпей қалды. Қазір ше, Ресейдің, Қырғыздың, Арменияның, Беларусьтің, Моңғолияның нөмірін таққан көліктер көшелерде көп.  Сұраныс бар жерде ұсыныс табылады. Әлемжеліде осыларды азғантай салықпен, аз-кем параның көмегімен қазақстандық тіркеуге қойып тірлікті тындырып бере қоятын пысықтар көбейді. «Көлігі бардың қашанда өрісі кең» екенін ескерсек, шетелдің жаңа болмаса да аса көп тепкі көрмеген темір тұлпарын тақымдағысы келетін ағайын әлгі заңсыз нәрсені заңдастырып беремін дейтін жүгірмектерге жиі жүгінетін болыпты. Тақырыпты Еркін Съезұлы зерттеді.

Көрулер: 3 003

Ұзақтығы: 8мин 10сек

Қосылды: 08.09.2018

Пайдаланушы: Мәселе

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.