2018 жылғы «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жеңімпаздары «Таңшолпанда»

«Таңшолпан» бағдарламасының бүгінгі мерейлі қонақтары - Журналистер одағының мүшесі Сәбит Иманғалиев, ҚР білім беру ісінің үздігі Зүбайра Қыстаубаева, ұлы филология ғылымдарының кандидаты Бауыржан Иманғалиев, қызы филология ғылымдарының кандидаты Гүлназ Иманғалиева, шахматтан әлем чемпионы Алдияр Аңсат, шахматтан Қазақстанның чемпионы Әбілмансұр Аңсат. Бұл үлкен әулеттің тек бір бөлшегі ғана. «Отан отбасынан басталады деген сөзге мән берсек, байтақ елімізді ұстап тұрған құрамдас бөлігі – отбасы. Елбасының тапсырмасы бойынша «Мерейлі отбасы» байқауы 5 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға ел ішінен 12 мыңнан астам адам қатысты. Солардың бірі Алматы қаласынан біз қатыстық. Алматы бойынша 131 отбасының ішінен біз үздік болып танылдық. Екеуміз де ғылым саласында жүрдік. Ғылымға келуіміз қоғамның ауысу кезеңімен тұспа-тұс келді. жұрт дала кезіп, базарға шыққанда, «ғылым өлмейді» деп балаларымыздың ғалым болғанын қаладық, ғылымға бағыт бердік. Балаларымыз еңбегімізді ақтады», - дейді Сәбит Иманғалиев.

Көрулер: 2 393

Ұзақтығы: 14мин 27сек

Қосылды: 14.09.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.