Қажыбек Бекбосыновтың «Дара жолы»: Тәрбие бойыма әкемнің өлеңімен сіңді

ҚР Халық әртісі, профессор, әнші Қажыбек Бекбосынов «Дара жол» бағдарламасының қонағы болды. Қажыбек Құдайбергенұлы 1946 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әнші Алматы эстрада-цирк өнері студиясын (Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі) бітірген. Кейін «Қазақконцерттің», Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әншісі болды. Қажыбек Бекбосынов орындаушылық шеберлігімен қазақ әншілік өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан азамат. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәріс берді. «Қажеке, қайдасыз?» деп сұрайтындар көп. 14 жылдан бері Қ.А.Яссауи университетінің Өнер факультетінде дәстүрлі ән мамандығы бойынша сабақ беріп келемін. Былайша айтқанда, түркістандық азаматпын. Осы уақытқа дейін біраз шәкірт дайындап, халық алдында қызмет жасап жатқан жағдайым бар. Отбасында 7 баланың ішіндегі 5-ші ұлмын. 14 жасымда әкесіз қалдым. Бірақ, бәрі де есімде. Әкем әнші, айтыскер болды. Той-томалақтан айтыспай қайтпайтын. Мен сол кезде әкеммен бірге қалып, тыңдайтынмын. Тәрбие бойыма әкемнің өлеңімен сіңді. Бала кезімде ұялшақ болдым. Ауыл естімейді деп ауыл сыртына шығып ән айтатынмын. Сөйтсем, ауыл бәрін де естіп жүрген екен. Ол кезде әртіс көру бақыт еді ғой. Халықтың демі үлкен үміт берді. Әнді радио арқылы үйрендім. Алғашқы үйренген әнім «Елім-ай» еді. Одан кейін домбыра, күй үйрендім», - дейді қонақ.

Көрулер: 2 286

Ұзақтығы: 13мин 46сек

Қосылды: 07.08.2018

Пайдаланушы: Дара жол

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.