Динара Болат: Анасының етегіне оралып өскен ұлдан аса жауапты, ер мінезді адам шыға қоймайды

Блогер, жиһангез Динара Болат «Shanyraq» бағдарламасының қонағы болды. «Менің саяхатты сүйетін әдетім бар. Бұл менің балалық арманым. Психология мен саяхатты біріктіре отырып, үйде отырып қалмау үшін өзімнің армандарымды алға қоямын. Оқырмандарыммен мотивация болсын деп осындай ойлармен бөлісіп отырамын. Екі балам, күйеуім бар. Күйеуім маған мүмкіндік, рұқсат берді. Ал, қаражатты өзім табамын. Арманым кәсібіме айналды. Қазір авторлық турлар аштым. Яғни, шетелге саяхаттаушыларды алып барамын. Саяхатты екінші балам дүниеге келгеннен соң бастадым. Әлемде 220-дан астам мемлекет бар. Көзің тоймайды, барлығына барғың келеді. Осы күнге дейін 20-ға жуық ел араладым. Ата-анам, ата-енем жас, қуатты. Балаларыма солар қарайды. Отбасылық табысты күйеуім ұстайды. Қанша қаражат табатынын білмеймін. Керек ақшаны беріп тұрады. Отбасының барлық қажеттілігін өзі қамтамасыз етеді. Жолдасыма салмақ салмаймын. Өз қаражатымды өзіме арнаймын. Психологиялық тұрғыдан Кеңес үкіметі кезінде, соғыс уақытында ер-азаматтар соғысқа аттанғандықтан бүкіл жүкті әйел баласы өзіне алды. Оған қоса бала, ұл тәрбиесі аналардың мойнында болды. Ұлдардың жанында нағыз ер-азамат ететіндей әке болған жоқ. Сондықтан, анасының етегіне оралып өскен ұлдан аса жауапты, ер мінезді адам шыға қоймайды деп ойлаймын. Оған қоса, 90-шы жылдардағы дағдарыс бар. Аналар ақша тауып, базар аралап, бірінші болып кетті. Солардың үлгісі қалыптасып келе жатқан ұрпаққа әсер етпей қоймайды. Әйелдің басты қателіктерінің бірі – күйеуінің алдына шығып алу. Яғни мен несие жабамын, ақша табамын деп ер-азаматқа қабілетін ашуға, мүмкіндік іздеуге жолын жауып тастайды. Қанша қиын болса да әйел адам сабырлық танытып, ер адамды ыстық алаңға жіберуі керек», - дейді блогер.

Көрулер: 1 872

Ұзақтығы: 9мин 33сек

Қосылды: 18.09.2018

Пайдаланушы: Шаңырақ

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.