М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры Астанада

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Елорданың 20 жылдығына орай Астана төріне М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры «Алатаудан Сарыарқаға сәлем» атты гострольдік сапарымен келіп жетті. 15-20 маусым аралығында театр ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтарына өз қойылымдарын ұсынатын бодады. Осыған орай ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Мұрат Нұрәсілов мен Бақтияр Қожа студия қонағы болды. «Сапарымызды Арқалық қаласынан бастадық. Әріптесіміз, Қазақстанның Халық әртісі Әнуар Боранбаевтың 70 жылдығында болып, киелі жерлерді араладық. Арқалық қаласының тұрғындарымен кездесіп, спектакль қойдық. Халық көп болды. Негізі, театр халық таңдамайды. Орындық жетпеген көрермендер жерге отырды. Ақ жаулықты анадан, кішкентай балаға дейін болды. 15 маусым күні «Қыз жібек» қойылымымен театр шымылдығын ашамыз. Қазір ауыл аймақтарына бармаймыз. Себебі, жағдай жоқ. Көбінесе облыс орталықтарына барамыз. Ауылдығы көрермен қаладағы көрерменге қарағанда ашық. Олар эмоцияларын жасырмайды. Оны қала тұрғындарының театрға жиі бару мүмкіндігімен байланыстырамыз», - дейді қонақтар. Алматыға жете алмай жүрген көрерменге М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының өнерін Астанада тамашалауға шақырамыз.

Көрулер: 2 430

Ұзақтығы: 13мин 59сек

Қосылды: 14.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.