Қаржы пирамидаларға көпшілік неге алдана береді?

Жеңіл ақша, оңай табыс әрқашанда қызықтырмай қоймайды. Бірақ, құжаты да, мөрі де, заңды тіркеуі жоқ қаржы пирамидалар мен жалған кәсіпке көпшілік неге алдана береді? Қызыл сөз, жалған уәде, ауыз толтырып айтатын мол табысқа алданып, ақшаны өз қолымен апарып береді. Кейін күтеді, сан соғып қалады. Бизнесте «кез келген кәсіп жүз пайыз пайда бермейді» деген қағида бар. Яғни, тәуекел етпей, кіріс келмейді. Бірақ, қаржы пирамидасында олай емес. Олар сізге кәсіптің табысын бірден айтады. Байып кетесіз деп уәдені үйіп-төгеді. Экономикалық тұрғыдан кепілді түрде табысты ешкім бере алмайды. Өйткені табыспен қатар шығынға да ұшырау мүмкіндігі бар. Әлеуметтік желіні ашсаң, жарнама астында қаласың. Олардың басым бөлігі табысты болуға шықырады. Пирамидамен айналысатын адамдар бір орында отырмайды. Ұсталған сайын жаңа тәсілдер ойлап табады. Мұның барлығы адамның сенімін билеу үшін қолданылады. Қаржы пирамидасының ғұмыры қысқа. Яғни, тұрақтылық оған жат. Ерте ме, кеш пе күйрейді. Оның басты үш белгілері: нотариалдық құжаттың жоқтығы, кепілді табысты ұсынуы, соңыздан тағы бір адам кіргізу. Психологияда «тез байып кету» синдромы бар. Сол себепті адамдар алаяқтыққа оңай алданады. Алаяқтардың арбауына түскендердің басымы қарапайым адамдар. Неге? Өйткені, қаржылық тұрғыдан сауаты аз адамға манипуляция жүргізу оңай. Елімізде қаржы пирамидасына ресми түрде тыйым салынған. Десе де, бұл мәселе өзектілігін әлі жоймай отыр. Себебі құзырлы органдар оның себебі емес, салдарымен күресуде.

Көрулер: 1 553

Ұзақтығы: 3мин 48сек

Қосылды: 26.02.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.