Алғашқы кірпіші қаланғаннан бастап көргеннен соң Астана ерекше қала – жазушы Әлібек Асқаров

Әлібек Асқаров елорда іргетасының қалануын алғаш көрген азаматтардың бірі. Студияға қонаққа келген жазушы Астанаға қатысты өзінің естеліктерімен бөлісті. «Астана қаласының туған күніне орай қызық оқиғамен бөліскім келеді. Мысалы, ел біле бермейтін жайттың бірі – 1993 жылдың басында «Қазақ әдебиеті» газетінде бір ақпарат шықты. Ол астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс. Бұл ұсыныс зиялы қауым арасында «жарылыс» туғызды. Халық біраз шулап, олар үшін бұл мүмкін емес болып көрінді. Бас редакторды шақыртып, газетке деген наразылығын білдіргендер де болды. Алайда, бас редактор «жазушылар арасында ондай сөз бола береді», деді де қойды. Кейін естігенімізше, Хельсинкиге бір сапарында Президентіміз жазушыларға ұсынысты өзі тастаған екен. Ондағысы қоғам бұл жаңалықты қалай қабылдайды екен деген ой. Ол кезде қоғамда қиындықтар көп болып жатты. Біраз жыл өте келе, біз Президентті қолдайық деген шешім қабылдадық. Басқаларына үлгі көрсету мақсатында өзіміз Ақмолаға көшуге бел будық. Қор ашып, ақша жинап, отбасымызбен бірінші болып көштік. Ал, Үкімет, Президент әкімшілігі, министрліктер кейін келді. Астананың алғашқы кірпіші қаланғаннан бастап көргеннен соң ыстық болады екен», - дейді студия қонағы.

Көрулер: 2 502

Ұзақтығы: 10мин 52сек

Қосылды: 12.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.