Берік Ұзақбайұлы: Тәжірибесіз оқушылардың ғылымға деген ынтасы болмайды

«Парасат майданы» бағдарламасының кезекті шығарылымы физика тақырыбына арналды. Осы тақырып турасында физиктер Берік Ұзақбайұлы мен Аян Нүсіпбеков өз ойларын ортаға салды. «Қазір оқулықтарда көп ақпарат қамтылғанымен, оқушыларды қызықтыратындай суреттер аз немесе мұғалім көзге көрінетін эксперимент жасаса, олардың физикаға деген қызығушылығы туындар еді. Ал, физика мен химияны тәжірибесіз оқыту мүмкін емес. Тәжірибесіз оқушылардың ғылымға деген ынтасы пайда болмайды», - дейді Берік Ұзақбайұлы. Мектептердегі лаборатория орындарының жұмысына қатысты Аян Нүсіпбеков пікірін жеткізді. «Лабораториялар мектептерде ең негізгі сыныптар болып саналады. Мысалы, Назарбаев Университетінің өзінің қабылдау тесті бар. Сол жерде көптеген теориялық сұрақтар келеді. Ол сұрақтарға құбылысты зертханада көрмей, жауап бере алмайсың. Кейбір кезде ол сұрақтарға жауап беру маған да қиындық тудырады. Өйткені, мен оқыған кезде ондай зертхана болған жоқ. Ал, Америка, Англияда мұндай зертханалар бар және олар тәжірибелер қойып, құбылыстарды зерттейді. Бізде өкінішке қарай, ол жағынан жағдай әлі жеткіліксіз», - дейді физик.

Көрулер: 2 360

Ұзақтығы: 3мин 13сек

Қосылды: 28.04.2018

Пайдаланушы: Парасат майданы

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.