Естай Дәубаев зергерлік өнерді 30 жылдан бері жаңғыртып келеді

«Tansholpan»-ның бүгінгі кейіпкері - суретші-зергер Естай Дәубаев. Естай Дәубаевтың әрбір туындысы шеберлікпен, жоғары сапада жасалады. Шебердің айтуынша, оның жасаған әрбір бұйымы өзіне ыстық. «Десе де, ішінде жаныма жақын, ерекше жақсы көретін туындыларым бар», дейді. Ол ұлттық зергерлік өнерді 30 жылдан бері жаңғыртып келеді. Алғашқы еңбек жолын Алматыдағы орталық музейде реставратор болып бастап, күнделікті көне заттармен жұмыс істеп, көп әсер алған. «Соның арқасында өзімнің зергерлік бағытымды таптым», дейді. Естай Дәубаев: 2000 жылы алғаш рет шетел музейлерін аралаған кезде менде мақсат пайда болды. Мысалы, Ресейдің қай музейіне барсаң да, керемет дүниелері бар. Ол сырттан болсын, өзінікі болсын, мақтан етіп көрсете алады. Соларға қарап, қызғаныш пайда болды. Осындай заттар неге өзімізде болмасқа?! Бізде де бағалы, құнды заттар болды. Алайда, талан-таражға түсіп, жоғалып кетті. Ол туралы тек әдебиеттерден және тарихтан оқимыз. Осылайша, көп еңбек пен ізденістің арқасында шебер өз мақсатына жетті. Бүгінде өз шеберханасы бар. Кез келген бұйымның мағынасы, сапасына және жоғары деңгейде жасалуына қатты мән береді. Халқымыз «Ер қадірін ел білер, зер қадірін зергер білер» деп маржан мен арзанның, алтын мен бақырдың парқын біліп, жас ұрпақа жақсысын жоғалтпауды өсиет еткен.

Көрулер: 3 163

Ұзақтығы: 3мин 37сек

Қосылды: 15.01.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.