Әнші, актриса Ұлбосын Тәжібайқызы қазір қайда?

Көпшіліктің ықыласына бөленген әнші, актриса Ұлбосын Тәжібайқызы қазір қайда? Шығармашылығында қандай жаңалықтар бар? Болашақ актерлерге ән жанрынан, домбырадан дәріс беретін ұстаздың сабағына жастар ерекше ықыласпен қатысады. Халықаралық Абай атындағы күміс медаль иегері Ұлбосын Тәжібайқызының ұзтаздық жолындағы ұстанымы – тәртіп. Бала күнінен радиодан берілген әндерді жаттап алып, ұмытпау үшін қайта қайта орындайтын алғыр жеткіншек домбыраны тез үйренген. Кейін ата-анасы сырнай алып берген. Бірнеше музыкалық аспапты меңгерген бойжеткен өнері шыңдай түсті. Қазақтың дәстүрлі әндерін, жыр-термелерді, қазақ композиторларының шығармаларын шебер орындаған әнші түрлі кештер мен телехабарларға жиі шақырылатын. Ұлбосын Тәжібайқызының орындаған әндері Қазақ теледидары мен радиосының алтын қорында сақталған. Ұлбосын Тәжібайқызы ұзақ жылдар бойы Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай музыкалық драма театрында еңбек етті. Сахнада 50-ге жуық түрлі образдарды сомдады. Ол Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі. 2000 жылдан бері Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында сабақ беретін ұстаз жас буынның өнерімізге деген ынта-ықыласын арттырып, оны зерттеп-зерделеуге тәрбиелейді. «Қандай мамандық болсын бірінші тәртіп керек. Оқушыларым қайда болса да тәртіпті талап етемін. Тәртіпке бағынған құл болмайды. Қазақ болсаң, бойыңда қазақтың қаны ағып жатса, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны меңгеруің керексің деп сабақ беретін студенттер бар. Алайда мамандығым басқа, бірақ домбыраны қайтсем де меңгеруім керек деп келетін студенттер де бар», - дейді әнші. Мақсат-мұратын тек өнерге бағыттаған Ұлбосын Тәжібайқызының жолын шәкірттері жалғастыра бермек.

Көрулер: 3 389

Ұзақтығы: 4мин 36сек

Қосылды: 05.04.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.