Данияр Сыбанқұлов: Дубляж дауысты көрсету емес, біздің тіл арқылы адамның мінезін көрсету

Көпшіліктің сүйікті телехикаясына айналған «Мариям» телехикаясының кейіпкерлерін қазақша сомдайтын дубляж режиссері Нұргүл Бекетаева мен театр және кино актері Данияр Сыбанқұлов студия қонағы болды. Қонақтар 21 ақпан күні Ұлттық арна көрермендеріне жол тартқан «Мариям» телехикаясы, дубляждың қыр-сыры туралы сөз қозғады. Нұргүл Бекетаева: «Мариям» телехикаясы – су жаңа телехикая. 2017 жылы тамыз айында тұсаукесері өтті. Бұл телехикаяның басқа жобалардан ерекшелігі – сериал барлық жастағы көрерменге арналған. Бұл сериал бүгінгі күннің, бүгінгі қоғамда көрініс тапқан дүниелерді көрсетеді. Дубляж режиссері – актердің дауысымен жұмыс жасайтын тұлға. Жасыратыны жоқ, көбінесе дубляжда театр актерлері жұмыс жасайды. Бірақ театрдың табиғаты бөлек дүние. Себебі театрдың қыр-сыры мен дубляждың қыр-сыры - екі бөлек нәрсе. Дубляж актері барынша табиғи, шынайы болу керек. «Мәриям» телехикаясы - Түркияда түсірілген түрік сериалы. Ал, көрермен түрік сериалы екенін ұмытып кетуі қажет. Ұлттық арнада Филиппин және Түркия елдерінің телесериалдары көрсетілуде. Одан басқа жаңа маусымда Ұлттық арна көрерменге 4 жаңа фильм ұсынатын болады. Данияр Сыбанқұлов: Көбінесе жағымсыз актерлерді сомдаймын. Театрда да жағымсыз кейіпкерлерді ойнаймын. Жағымсыз кейіпкердің өз шындығы бар. Мысалы, театрда «Қыз Жібек пен Төлеген» қойылымында Бекежанды сомдадым. Оның да өз шындығы бар. Дубляж жасаған кезде кейіпкердің синхроны маңызды, бірақ біз пародия жасамаймыз. Дубляж дауысты көрсету емес, біздің тіл арқылы адамның мінезін көрсету.

Көрулер: 4 708

Ұзақтығы: 11мин 56сек

Қосылды: 05.03.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.