Талғат Теменов: Әйел үшін өзінің бір адамға, қоғамға керек екенін сезіну - бақыт

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы - кино және театр режиссері, әртіс Талғат Теменов. Актер студияда өмірдің мәні, махаббат, әйел бақыты, отбасының бақыты туралы сөз қозғады. «Бала кезімде философ болуды армандадым. Философия - көне ғылым. Ол өмірдің мәнін, күн мен түннің, жақсылық пен жамандықтың салыстырмалы ұғымдары. Ол - өмірдің заңдылығын іздеу. Өмірдің мәні мен мағынасы – сүйікті ісің, ана тілің, отбасың мен еліңнің тыныштығы. Меніңше, із қалдыру - мақсат емес. Кез келген жұмысты із қалдырам деп бастау - ақымақтық. Бастысы, қолыңнан келгенше қызмет ет, жасаған дүниең халықтың жүрегінен орын алатындай болсын. Мысалы, театрдан бес адам көңіліне шуақ алып шықса, із қалдыру деген – осы», - дейді өнер иесі. Ал, әйел бақыты туралы: «Әйелдің бақыты – сүйікті мамандығы, қоғамдағы орны, отбасы мен бала-шағасы. Егер әйел баласы өзінің бір адамға, ортаға керек екенін сезінсе, бақытқа бөленеді. Ол гармония деп аталады», деген пікірін білдірді.

Көрулер: 3 668

Ұзақтығы: 20мин 32сек

Қосылды: 26.01.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.