Ұлттық арна жақында «7 бөлімше» телехикаясын ұсынады

«7 бөлімше» - криминалдық драма жанрында түсіріліп жатқан телехикая. Туындыда ата-анаға құрмет, махаббат, бауырмалдық пен еңбекқорлық, адамгершілік пен әділдік секілді мәселелер қозғалады. Уақыт – емші. Уақыт өте келе адамның жүрегіндегі жара жазылады. Өмірге деген көзқарас та өзгереді. «7 бөлімшеде» аса қауіпті қылмыскерлермен айналысатын ағайындылардың басты мақсаты – кек қайтару емес, істің мән-жайын анықтау. Телехикаяның әрбір бөлімі екі оқиға желісінде өрбиді. Алғашқысы ағайындылардың әртүрлі қылмыстық істерді ашу барысында әке өліміне қатысты қылмыскердің кім екенін анықтау болса, екіншісінде олардың арасындағы бауырмалдық, отбасылық құндылықтарды сақтауға талпыну секілді өмірлері көрсетіледі. 7 бөлімнен тұратын фильм Алматы қаласында түсіріліп жатыр. Көп ұзамай Ұлттық арна көрермендерінің назарына ұсынылмақ. «Көркем суретті фильм ретінде неге түсірмеске деген ой келді. Биыл Қазақстан полициясының, ҰҚК-нің 25 жылдығы. Бірақ, олардың қызметтері туралы туындалар аз. Біз сол алғашқы қарлығаштарының біріміз», - дейді режиссер Асқар-Мұхит Сатыбалдыұлы.

Көрулер: 3 724

Ұзақтығы: 2мин 24сек

Қосылды: 31.10.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.