Бақыт гормондары туралы не білесіз?

Адам миында көңіл-күйді, тәбетті және ұйқыны реттеп отыратын гормондар болады. Медицина ғылымы оларды «бақыт гормондары» деп атайды. Солардың бірі – эндорфин. Бұл гормон күндіз, яғни, жарық жерде көбейеді. Сондықтан әрбір күн сайын кемінде 15-20 минут серуендеуді әдетке айналдырыңыз. Ағзадағы эндорфинның қалыптасуын глюкоза да жүзеге асыра алады. Сондықтан тәттіден, оның ішінде, қара шоколадтан бас тартпаңыз. Эндорфин әсер еткен кезде одан бөлінетін қосымша заттар адамның көңіл-күйін көтеріп, эйфорияға алып келеді. Бақыт гормонының келесі түрі – сератонин. Дәрігерлердің айтуынша, тыныштандыратын әуен тыңдап, барынша ашық-жарқын өмір салтын ұстану осы гормонның мөлшерін ұлғайтады. Достармен араласу, тіпті сүйікті кітап оқу да мидағы эндорфин мен сератониннің бөлінуіне әсерін тигізеді. Күйзеліс пен ашу-ызаға бой алдырған жандарда бақыт гормондары күрт азайып кетеді. Сондықтан үнемі жақсы ойларға беріліп, айналадағы сұлулықты сезіне білу маңызды. Сонда ағзадағы сератонин мен эндорфин табиғи түрде түзеледі. Спортпен айналысу арқылы да денеде триптофан деп аталатын зат түзіледі. Ал ол сератониннің күшеюіне үлес қосады. Осының әсерінен жаттығудан кейін де көңіл-күйіңіз ұзақ уақытқа дейін көтеріңкі болады. Қуаныш пен шаттыққа жетудің ғалымдар ұсынған жолдары осы.

Көрулер: 14 026

Ұзақтығы: 2мин 15сек

Қосылды: 29.08.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.