Интернет-алаяқтықпен айналысқан адамдарға қандай жаза түрлері қарастырылған?

ҚР ІІМ ақпаратына сүйенсек, елімізде алаяқтық жолмен жасалатын қылмыстың үлес салмағы 19 пайыз шамасында. Бұл тұрғыда құқығыңызды қорғайтын заңның бар екенін ұмытпаңыз. Тек дер кезінде арызданып, шағым түсірсеңіз болғаны. Интернет-алаяқтық – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді әрекеттерге барады. Елімізде көп кездесіп жүрген алаяқтық түрлеріне: интернет-дүкенмен байланысты алаяқтықтар, фишинг, интернет арқылы қайыр сұрау, телефон-алаяқтық, SMS-алаяқтық және интернет-банкинг арқылы жасалатын қылмыстар жатады. Ғаламторды торуылдайтын алаяқтардың сипаттары қандай? Интернет-алаяқтықпен айналысқан адамдарға қандай жаза түрлері қарастырылған? Ақпараттық жүйелерді пайдаланып алаяқтық жасайтындарға алданып қалмау үшін не істеу керек? Студия қонағы заңгер Абзал Бекбосынов ғаламтордағы алаяқтыққа қатысты сұрақтарға жауап береді. «ҚР Қылмыстық Кодексi 190-бабы бойынша алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Ғаламтор біздің өмірімізде үлкен орын алады. Онда кіші баладан үлкен апаларымызға дейін отырады. Ғаламторсыз өмір жоқ секілді. Оның пайдасы да көп. Екінші жағынан зияны да бар. Ол қылмыс жасау мүмкіндігі. Ғаламтор жүйесінде алаяқтар көп. Қылмыскерлер поштаға автокөлік, сыйлық ұтып алу туралы түрлі хабарлама жіберіп, қаражат сұрайды. Ал оны алу үшін салық аударуды сұрайды. Халық сеніп, ақша аударып, алданып жатады. Онымен қатар қазір дамып жатқан интернет-дүкендер. Адам тауарға тапсырыс береді. Ал ол тауар не болмайды, не сапасы төмен болып шығады. Алаяқтықтың тағы бір түрі - жалған ауруды айтып, қаржы жинау. Адамдар жаны ашып, жалған шоттарға ақшасын аударады. Бұл қылмыскерлер IT мамандары арқылы әшкереленіп, ҚР ҚК сәйкес жауапкершілікке тартылады. Оларға қылмыс санатына байланысты жаза қолданылады», дейді заңгер.

Просмотров: 2 300

Длительность: 14мин 54сек

Добавлено: 28.05.2019

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.