Бүгінгі ақындар нені жырлап жүр?

Бұл қазақ өнеріндегі қошеметі мол өнер. Бұл бағыздан бізге жеткен асыл мұра, тамырын тереңше жіберген алып бәйтерек. Түрлі қиын-қыстау кезеңде жойылмай, мың өліп, мың тірілген қазақпен жасасып келеді. Бұл өнерді халқымыз бір сөзбен айтыс дейді. Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Ақындар айтысының тағы бір ерекшелігі, айтысқа үлкен де, кіші де, еркек те, әйел де қатынаса береді. Тек талант-дарыны болса, бәйгеге түсер шамасы болса болғаны. Айтыс – ақындық тәрбие мектебі. Сөз сайысы үстінде оның ақындық өнері шыңдала береді. Кешегі айтыс қандай еді? Бүгінгі ақындар нені жырлап жүр? Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері қандай? Осы және басқа сұрақтарға «Qareket» бағдарламасына қонаққа келген ақын, сарапшы мамандар жауап береді.

Просмотров: 3 373

Длительность: 29мин 59сек

Добавлено: 09.04.2019

Пользователь: Қарекет

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.