Осы аптада жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алаштың алдында ант берді

Тұтас мемлекет, 18 миллион халық  президентсіз бір түн өткеріп, сағат түскі 12-ні күтті. Сәрсенбі күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алаштың алдында ант берді. Алдымызда ел болашағы үшін атқарылатын ауқымды әрі күрделі жұмыстар күтіп тұр. Ең басты мұрат- Елбасының саяси және тарихи мұрасы Тәуелсіздікті сақтау және нығайту екенін айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев «барлық күш-жігеріміді ел игіліне жұмсаймын»,- деді. Сосын ұлықтау рәсімінде Елбасының ерен қызметін әділ бағалап, бірнеше ұсыныс айтты. Оның ең соқталысы  – Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту. Әлбетте, Астана деген атауға үйренген құлақ пен тіл басында жатырқап, әрі-сәрі күйге түскені рас. Бірақ, уақыт өте келе жаңа атаудың да тілге де, жүрекке де, көңілге де жатталып қалатынына еш күмән жоқ. Қош. Ұсыныс қоғамда қызу талқыланғанды. Әрі көптің қолдауына ие болды. Өйткені, жазық далаға қазық қағып, оны жас қалаға, жүзіктің көзіндей бас қалаға айналдырған Назарбаев елорданың бас архитекторы екені анық.  Елорда 21 жылда жаһанның жауһар астаналарымен деңгейлесті. Саяси текетірестерге төрелік айтатын,  әлемнің кіл мықтылары келіп, келелі пікір білдіретін Күлтөбеге айналды. Қаржылық орталығы бір төбе. Сонымен, Есіл жағасындағы еңселі елорданың атауы ресми өзгерді. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Ал, қала әкімі Бақыт Сұлтанов «шаһар атауы өзгертілсе, шығындар минималды болады. Бюджетке айтарлықтай салмақ түспеуі тиіс. Өйткені, құжаттар жаппай ауыстырылмайды деп мәлімдеді. Сондай-ақ, елорда басшысы «Астана опера», «Астана арена» сияқты ғимараттардың да атауы өзгермейтінін айтты. Ал, қала тұрғындары бұрынғыдай астаналықтар деп  аталып, бұл сөз қолданыста қала беретінін жеткізді.

Просмотров: 1 560

Длительность: 12мин 16сек

Добавлено: 24.03.2019

Пользователь: Аpta

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.