Галилео Галилей ашқан жаңалықтар

Ертеректе адамзат үшін ғарыш жұмбақ әлем болатын. Өйткені, ондағы Ай, Күн, жұлдыздарды әркім өзінше топшылағанымен, ешкім ғылыми түрде зерттеген жоқ. XVI ғасырда Леонардо да Винчи аспан денелерін бақылайтын құрылғыны қолданысқа енгізуге тырысқан деген мәлімет бар. Бірақ, нақты дәлел жоқ. Кейбір деректер бойынша телескоп туралы ақпарат ағылшын философы Роджер Бэкконның XIII ғасырдағы жазбаларында кездескен. Дегенмен, телескоптың алғашқы сызбасын 1608 жылы бельгиялық көзілдірік жасау шебері таныстырған. Оның құрылғысы Галилео Галилейді қатты қызықтырады. Сөйтіп, ол 1609 жылы қорғасын түтікшелі, екі бұрышы шыны линзадан тұратын дүрбінің сызбасын сызды. Бұл өнертабысты астрономияда қолдана отырып, 1610 жылы аспан денелеріне бақылау жүргізеді. Зерттеу нәтижесінде Айдың бетіндегі жоталарды анықтап, үркер жұлдыздар шоғырынан бұрын байқалмаған 30 жұлдызды көреді. Орион жұлдыздар шоғырындағы денелер саны 8 емес, 80 екенін дәлелдеді. Сол кездің өзінде Юпитердің серіктері бар және олар өлшемі жағынан Жерден бірнеше есе үлкен екенін атап өтті. Ол ашқан жаңалықтар баршаны таңқалдырғаны соншалық, көпшілік оның зерттеулерін жай ғана иллюзия деп санаған. Сонымен қоса, Жер әлемнің ортасы емес, барлық ғаламшар Күнді айнала қозғалады деген тұжырымды айтып, Шолпан планетасының фазасын жасаған да Галилео. 1586 жылы дененің тығыздығын өлшейтін арнайы гидростатикалық таразыны құрастырады. 1592 жылы термометрді ойлап табады. Галилео - алғашқы микроскопты жасаушылардың бірі. Ол жәндіктерді зерттеумен де айналысқан. Өлшемдердің масштабын дәлелдеуге арналған кәдімгі циркульдің негізін қалаушы Галилео. Ол - физика және жаратылыстану ғылымдарының атасы. «...Ол секілді ғылымның жілігін шағып, майын ішкен адам тумаған да болар». Альберт Эйнштейн Галилео туралы осындай ой қорытқан.

Просмотров: 63 064

Длительность: 2мин 12сек

Добавлено: 15.02.2019

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.