Мемлекеттік қуыршақ театрында Шекспирдің «Romeo & Juliet» трагедиясы көрсетілді

Мемлекеттік қуыршақ театры біраз уақыттан бері әлемдік классика туындыларының кейіпкерлерін қуыршақтар бейнесінде сөйлету арқылы ұлттық театр өнеріне жаңа бір леп әкелгендей. Көрерменге көрсетілген Шекспирдің «Romeo & Juliet» трагедиясы - ерекше сахналанған қойылым. Шекспирдің әйгілі шығармасы әлем театрларының репертуарларынан орын алған. Сондай-ақ, қазақ сахнасында да сән мәрте қойылған. Әр режиссер туындыны өзінше қабылдап, алуан түрлі шешімде сахналайды. Трагедия қуыршақ театрының сахнасында тұңғыш рет қойылып отыр. Режиссері Дина Жұмабай. Қойылымдағы басты кейіпкерлерді сахналау үшін жас өнерпаздар Шоқан Құлназаров, Амангелдіұлы Ғалым мен Төребай Салтанат бекітілді. Спектакльдің ерекшелігі – бір әртіс бірнеше рөлді қатар алып жүреді. Өзгеше бағыт, тың көзқараспен қойылған спектакль көрерменнің көңілінен шықты. Биыл - жастар жылы. Оларға түрлі салада өз мүмкіндіктерін көрсетуге қашан да жол ашық. Жас режиссер Дина Жұмабайдың шығармашылық көзқарастары мен ұстанған бағытына Мемлекеттік қуыршақ театрының басшылығы қолдау көрсетіп келеді.

Просмотров: 2 299

Длительность: 3мин 13сек

Добавлено: 30.01.2019

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.