Абзал Мырзаш: Қазақстанның өркениетті 30 елдің қатарында болуына үлесімді қосқым келеді

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы ресми түрде ашылу салтанаты өтті. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты шарада қазақстандық жастар жүзеге асырып жатқан табысты жобаларын таныстыруда. Солардың бірі – 13 жасар Абзал Мырзаш. Алматылық Абзалдың бойындағы ерекше дарыны кішкентай кезінде байқалған. Қатарластарынан асып түскен ақылды бала мектептің оқу бағдарламасын уақытынан бұрын меңгеріп шыққан. Небәрі 13 жастағы Абзал бүгінде Қазақ-Британ техникалық университеті, ақпараттық технологиялар факультетінің студенті. Елбасы тапсырмасы бойынша латын қарпіне өту мәселесі көтерілгелі бері Абзал да бұл іске кірісіп кеткен. «Латын әліпбиіне ауысу – IT технологиялық прогрестен қалыс қалмауға, елімізде әлемдік интеграцияны күшейтуде, қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Сондықтан, менің ұсынатын екі жобам бар. Бірінші жоба – диграфтық тәсіл арқылы компьютер клавиатурасына ыңғайлап «ABZALalphabet» деп аталатын қазақ әліпбиі. Бұл нұсқа арқылы әлемнің кез келген жерінен компьютердің стандартты ағылшын клавиатурасын пайдаланып, қазақша жазуға болады. Екінші жоба – кириллицадан латын қарпіне аударатын конвертир программа. Қазір менің бұл конвертир бағдарламам арқылы кириллицадан латын графикасына қазақ қарпіне бір минутта 1200-ден астам кітап аударуға болады. Еліміздің шынайы патриоты ретінде Қазақстанның алдыңғы қатарлы, озық технологиясы бар, ғылымы мен экономикасы дамыған өркениетті 30 елдің қатарында болуына үлесімді қосқым келеді», дейді Абзал.

Просмотров: 3 177

Длительность: 3мин 14сек

Добавлено: 23.01.2019

Пользователь: Телеарна ұсынады

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.