40 жылдан соң қауышқан ана мен бала

Адам баласы дүниеге келгенде алғаш рет анасының бейнесін көреді. Ананың бейнесі бала үшін бүкіл әлем іспеттес. Бірақ сол туған сәттен кейін көз жазып қалып, 40 жылдан кейін анасымен қайта қауышып, бейнесін көру, ана алақанының жылуын сезіну перзент жүрегінде алапат сезім тудырады. Оны 3 жасында балалар үйіне өткізген. 6 жасында мейірімді жан асырап алған. Арманы шыққан тегін біліп, туыстарын табу еді. Ол - анасын 40 жыл іздеген Қуангүл Бақтиярова. Журналист Айнаш Есәлі: Адамның өз тегін іздеуі – заңдылық. Қан қашан болса да тартады. Қателікке итеретін неше түрлі фактілер болады. 40 жыл бойы сағынған анасын іздеп тапқаны - тағдырын танығаны. Көп жағдайда анасы мен баласы қауыша бермейді. Қауышса да, бір-бірін кешіре ме, кешірмей ме екіталай. Олардың қайтадан ана мен бала болып кетуі де өте сирек жағдай. «Қазақстан балалары» Қайырымдылық қорының президенті, 7 баланың анасы Гаухар Танашева: Менің 7 балам бар. Үш балам өзімнің, 4 балам асыранды бала. Қазір заман басқаша. Балаларға барлығын ашық айтамыз. Балаларым болашақта «анамды табамын, әкемді көремін» десе мен оларды тауып беремін. Ол мәселені балалармен шешіп қойғанбыз. Қуангүл Бақтиярова: 11 сыныпта көрші қыздардан анам мені асырап алғаны туралы естідім. Асырап алған анам Разиядан туған анам туралы сұрадым. Ол кісі жылады. «Сенің анаң – мен. Оны не істейсің?» деген соң көңіліне тимей, бұл сұрақты жауып қойдым. 2006 жылы анам жүрек талмасынан құлады. Ауырып екі жыл жатты. Ол кезде туған анам туралы тағы сұрадым. Алайда ол анам туралы айтпай кетті. 2008 жылы дүниеден озды. Разия анама еш ренішім жоқ. Ол кісі өте беделді кісі болды. Ұстаз болған соң өзін мықты ұстап, қатал болды. Не болса да, маған бәрін үйреткен сол. Бірақ тегімді білгім келді. Менің де туыстарым бар шығар дедім. Сонымен, «Qareket» бағдарламасының ұжымы Қуангүл Бақтиярованың туған анасын іздеу жұмыстарына кірісті.

Просмотров: 2 619

Длительность: 32мин 18сек

Добавлено: 16.01.2019

Пользователь: Қарекет

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.