Салбұрынға шығып көрдіңіз бе? Құсбегілікке қатысты қызықты мәліметтер

Құсбегілік — қазақ ұлтының қанына сіңген көне дәстүр. Ол арқылы халқымызға тән барлық асыл қасиеттер көрініс табады. Әдетте қазақ бүркіттің еркегін «сарша» немесе «шәулі», ұрғашысын «ұябасар» деп атайды. Халқымыз бүркітке ежелден құрметпен қараған. Тіпті, Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдарында қыран бүркіттің затқа шаққандағы құны 5-6 түйеге тең деп белгіленген. Қариялар әрі барғанда бүркіт 33 рет түлейді, яғни, 40 жылға жетер-жетпес уақыт өмір сүреді дейді. Бірақ, қазіргі мәлімет бойынша бүркіттің тек 20 жасқа дейінгі аты белгілі. Балапан, қан түбіт, тірнек, тас түлек, мұзбалақ, көктүбіт, қана, жана, май түбіт, барқын, баршын, шөгел деп бүркіттің 12 жасын 12 мүшелге немесе буынға дейін көрсетеді. Кейбір құсбегілер бүркіттің тұмсығындағы ирегін санап, құс жасын межелеп жатады. Бірақ, құс тұмсығындағы ирек 8-9-ға барғаннан кейін тоқтап қалады. Одан кейінгілерін «қу тұмсық» дейді. Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Сонымен қатар, қыранды баптап ұстау үшін берілетін жем түрлерінің де өзіндік атауы бар: қансоқта, қызыл, тартпа, сарбөртпе, тоят, үрген өкпе немесе боз өкпе, тұғыр, томаға, желі бау, бүркіт қолғап немесе биялай, бүркіт балдақ немесе қолдық, сапты аяқ,түтік немесе шүмек. Аңшы, саятшылар топтасып, бірнеше күн аң аулауға шығып жатса, оны салбұрын деп атаған. Мұндайда ауланған аң бәріне бірдей бөлінеді. Егер біреудің қыран құсына көзіңіз түсіп жатса, көңіліңіз ауып жатса, сұрап алуға болады. Тек қарымтасына берілетін тұғыр жағар деген кәдені ұмытпасаңыз болды.

Просмотров: 2 593

Длительность: 5мин 17сек

Добавлено: 15.01.2019

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.