«Parasat maidany». Клондаудың адамзатқа берер пайдасы қандай?

1998 жылдың 12 қаңтарында адамды клондауға тыйым салатын протоколға қол қойылды. Клон - (грек. clon – ұрпақ, өскін) дегенді білдіреді. Клон - өмірде болған немесе бар адамның арқасында эмбрион өсіріп шығару технологиясы. Алайда, оны жүзеге асыруда бірнеше кедергі бар. Біріншісі, технологиялық шектеулер мен қиындықтар. Клонның саналы болуы екіұдай мәселе. Сондықтан, өмірде бар адамға ұқсау мүмкін емес. Ал, терапевтік клондау эмбрионды 14 аптаға дейін өсіріп, әрі қарай одан бағаналы жасуша алуға мүмкіндік береді. Бұған көптеген елдерде заңнамалық тыйым салынған. Себебі, адамды клондаудың әлеуметтік-этикалық мәселесі бар. Сәтсіз болған жағдайда аурудың, жетілмеген адамдардың көбеюіне әкеліп соғады. Одан бөлек, оның ата-ана қызметін кім атқарады және ұрпақ қалдыру мәселесі дау туғызады. Сонымен қатар, басты діндер: ислам, христиан, будданың діни философиясы тұрғысынан адамды клондау бұл жаратушы ісіне араласу, оның жаратқанын қолдан түзетуге талпыну пенденің құқығы емес. Клондау - ХХ ғасырдағы ғалымдар арасында ең көп таралған тақырыптардың бірі. Бұл тақырып төңірегінде неше түрлі фильмдер түсірілген. Осы орайда ғылымның сыртында қауесет әңгіме де көп. Оның қайсысы шын, қайсысы өтірік? Қоғам мұндай өзгерістерге дайын ба? Ғылымды не тежеп тұр? Клондаудың адамзатқа берер пайдасы қандай? «Parasat maidany» хабарында қонақта болған биолог Өтемұрат Сағындықов пен физик Мағжан Қыстаубаев осы тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөлісті. Өтемұрат Сағындықов: Бастапқыда клондау тек микроағза, өсімдік пен жануарларға қатысты мәселе болды. Мысалы, өсімдіктің өнімділігін, мал шаруашылығында жануардың тұқымын күшейтуге арналған әдіс болып танылды. Одан кейін терапиялық салада адамды клондауға немесе адамның морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты клондау жөнінде сұрақ туындай бастады. 1996 жылы Шотландияда клондау арқылы Долли саулығы бірінші болып өсірілді. Долли 6 қозы тауып, 6 жыл өмір сүрді. Бірақ кейбір сын-пікіршілер Долли қойы таза клон емес, екі аналық тізбектен алынған деген әңгіме айтылды. Алайда, Долли сүтқоректілердің ішінде клондаудың ең алғашқы бастамасы. Мысалы, ЭКҰ клондаудың бір түрі болып табылады. Ғалымдар зерттеудің арқасында осындай жетістікке жетіп отыр. Клондау адамзатта бағаналы жасуша алу, емделмейтін гендік ауытқуларды емдеу, түзету, бала көтере алмайтын отбасына бала сыйлау, басқа да шешілмей жатқан ғылыми-биологиялық мәселерді шешеді. Демек, клондау мәселесі болашақта осы мәселелерді шешетін болады. Ғылым дамып жатыр. Көбінесе клондауға немесе жаңа дүниеге дін тежегіш. Мағжан Қыстаубаев: Клондау мистика емес. Өзімізді тежемеген болсақ, 1996 жылдан бастап биологтар зерттеу жүргізсе, осы уақытқа дейін адамды клондауға жете алатын едік деп ойлаймын. Өкінішке орай, клондауға шектеу қойылып, ғылыми жұмыстар тоқтатылды. Халықаралық деңгейде клондауға шектеу қоюдың себебі қоғам мұндай өзгерістерге әлі дайын емес. Ол өзгерістер бізге қажет, бірақ саясат, адамдардың тұрмысы бұл мәселені әлі толықтай түсінбейді. Ғылым моральді принциптерден тәуелсіз, бөлек сала ретінде дамуы керек. Менің ойымша, мораль – сатқын нәрсе. Неге десек, 50 жыл бұрын британдықтар компьютер атасы Алан Тьюрингті гомосексуал болғаны үшін жазалады. Ал, қазір гомосексуалды адамдарға тіл тигізуге болмайды. Неліктен? Себебі қоғамдағы мораль өзгерді. Ал, ғылым өзгермейді. Эйнштейн, Ньютонның заңдары әлі күнге дейін жұмыс істейді. Олардың арқасында спутник ұшып, ертең Марсқа аттанамыз. Сондықтан, ғылымға қоғам араласпауы керек.

Просмотров: 8 180

Длительность: 11мин 35сек

Добавлено: 14.01.2019

Пользователь: Парасат майданы

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.