«Жаса, қазағым!» әнінің авторы Руслан Мамытов қазір қайда?

Руслан Мамытовтың «Жаса, қазағым!» әні ұлттың рухын көтерген туындылардың бірі. Оны сазгер ретінде танытқан шығарма халыққа кең тараған. Руслан 2007 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжді хор дирижері мамандығы бойынша тәмамдаған. «Қазақ ән өнеріне үлесімді қосып, қолтаңбамды қалдырсам», деген үлкен мақсат оны Алматыға алып келді. Бүгінгі күні Руслан Мамытовтың әндерін елімізге белгілі әншілер орындап жүр. Әнші қазір қайда? Сазгердің шығармашылығында қандай жаңалықтар бар? «Tansholpan» ұжымы әншіні арнайы іздеп, онымен табиғат аясында жүздесті. «Қазақ даласын әнге бөлеп жүрген композитор көп. Бірақ мен табиғатқа келіп, тыныштықта ән жазғанды жақсы көремін. Ел танып, жүректерінен орын алған әндерім табиғат аясында дүниеге келген. «Жаса, қазағым!» әні Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына тарту болды. Одан кейін де көптеген патриоттық әндер жаздым. Біразы орындалып жүр. Атап кететін болсам, Динара Кемелхан орындайтын «Менің қазағым», Ринат Төрехан орындайтын «Қазағыммен мақтанамын» және басқа да әндерім бар. Ән қоржынымда 50-ге жуық ән бар. Барлығы халықтың жүрегінен орын таба бермейді. Жүрекке жететін де, жетпейтін де ән болады. Меніңше, халық 10-15 әнімді жақсы біледі. Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев ағаларымыздың әндері өнерге келуіме себепкер болды», - дейді сазгер. Жеке студиясын ашып, шығармашылығын өрістетіп жүрген сазгер алдағы уақытта кеш өткізуді жоспарлауда. Одан басқа қаңтар айының соңына қарай «Қызыма» атты жаңа әніне бейнебаян түсіруді қолға алмақ.

Просмотров: 4 796

Длительность: 5мин 30сек

Добавлено: 14.01.2019

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.