Гүлмира Мұхтарова: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген барлық мәселе «Есік» қорық-музейінде толықтай қамтылған

Бүгін «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлмира Мұхтарова «Таңшолпанға» қонаққа келді. Хабар барысында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қорық-музейінде қалай көрініс табатыны талқыланды. Гүлмира Мұхтарова: «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келесі жылы он жыл болады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген барлық мәселе біздің қорық-музейде толықтай қамтылған. Музейде 5 экспозициялық зал бар. Бұл залдардың үшіншісі «Қазақстан археологиясы» деп аталады. Осы залда сонау тас дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі жәдігерлер қойылған. Ол металлургия өңдеу, жылқыны қолға үйрету, «Алтын адам», аңдық стиль. Қорық-музейдің негізгі тақырыбы – сақ обалары және «Алтын адам». «Алтын адам» 1969 жылғы зерттеу нәтижесінде табылды. «Алтын адам» 40 мыңнан астам алтын әшекеймен безендіріліп, жерленген. Алтын әшекейлердің өзін өңдеу – металлургия, киімі мен аяқ киімі - аңдық стиль. Бұл сол кездегі сақ дәуірінің стильдік негізі. Ол стильдің ерекшелігі - жануарлардың қозғалыстағы бейнесі. 70-ші жылдар Қазақстанның археологиялық ғылымы енді дамып келе жатқан уақыт. «Алтын адамның» сол кезде табылуы археологиялық ғылымға серпіліс берді. Одан басқа зерттеу жұмыстары нәтижесінде түркі дәуіріне жататын жылқылардың қаңқа сүйектері табылған. Студия қонағы сұхбат барысында қорық-музейдің Қытай Халық Республикасымен бірлескен жұмысы туралы айтып өтті. «2016 жылдан бастап Қытай Халық Республикасының Сиян қаласындағы археологиялық зерттеу мекемесімен бірлесіп жұмыс жасаймыз. Қазба жұмыстары нәтижесінде 2017 жылы үлкен пеш табылды. Ол ата-бабамыздың металды, қышты өңдеуге арналған пеші. Бұл асықпай зерттеуді талап етеді. Қытайдың әдістері - олар асықпайды екен. Мысалы, бір қорғанды 7 жыл зерттейді. Қазбаны ерте түрік дәуірі деп есептейміз, бірақ болашақта зерттеу жұмыстары нәтижесін тағы көрсете жатар».

Просмотров: 2 404

Длительность: 9мин 16сек

Добавлено: 08.01.2019

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.