АҚШ пен Ұлыбританияның арасындағы соғыстың пайда болуына шошқа түрткі болған

АҚШ пен Ұлыбританияның арасындағы соғыстың пайда болуына шошқа түрткі болғанына сенесіз бе? Өсіп, жетілу үшін ешқандай күй талғамайтын, арнайы күтімді қажет етпейтін жануардың бірі – шошқа. Арғы тегі доңыздан тарайды. Осы ерекшелігінің арқасында болар, қазір Жер бетіндегі саны миллиардқа жуық. Деректерге сүйенсек, дүниежүзілік ет өндірісінің 40 пайызы осы шошқа шаруашығына тиесілі. Қанша күй талғамайды дегенімен, шошқа асырау оңай емес. Көз қырын салып, бақылап отырмасаң, бөтен біреудің иелігіне түсіп кетуі мүмкін. 19 ғасыр. Бұл кезде Солтүстік Америка құрлығында Ресейдің, Ұлыбританияның және АҚШ-тың, яғни, үш мемлекеттің жері болған еді. Осылардың ішінде британдықтар мен америкалықтардың арасында қырғи-қабақ соғыс жиі орын алатын. Бастапқы кезде америкалықтар соғысты өздері бастап, жеңіп, нәтижесінде өз тәуелсіздігін алды. Бұған қарсы жауап ретінде Ұлыбритания Канада арқылы әскерін жіберіп, АҚШ астанасы Вашингтонға дейін жетіп, Ақ үйді өртке орады. Осы оқиғадан кейін екі мемлекет те мемлекет территориясын нақтылауға көшті. Әсіресе, Американың Орегон штаты аумағында үлкен дау туды. Бұл жерді американдықтар да, британдықтар да өз иеліктеріне алғылары келді. Бірнеше шайқас болып, ақыр аяғында дипломаттар өзара келісімге келіп, «Орегон» келісімшартын құрды. Бұдан соң жағдай сәл дұрысталғандай еді. Алайда, бұл ұзаққа бармады. Келісімшартта Сан-Хуан аралының қай мемлекетке тиесілі екендігі нақты көрсетілмеген еді. Британияның да, Американың да меншігіне жатады деп жазылды. Сәйкесінше, аралда америкалықтар да, британдықтар да тұрды және олардың әрқайсысы Сан-Хуанды өз еліне тиесілі деп, өз заңдарымен өмір сүрді. 13 жылдаң соң келеңсіз жағдай болды. Аралда сол кезде бір британдық фермер шошқа асырады. Ол үнемі америкалық фермердің көкөніс бақшасына кіріп, картоптарын жеп, талқанын шығаратын болған. Бұған ашуланған америкалық фермер шошқаны атып тастайды. Шошқаның иесі фермерден өтемақы талап етеді. Америкалық азамат 10 доллар төлейтінін айтады. Ол кезде бұл қомақты сома болатын еді. Алайда, британдық фермер оны қанағат тұтпай, екі жақ бір мәмілеге келе алмай, сотқа жүгінеді. Британ азаматы америкалықты «шошқамды атты», деп сотқа береді. Бұған қарсы америкалық азамат мемлекет басшысынан көмек сұрап, әскер жіберуін талап етеді. Осылайша, оқиға орнына 60 солдат келеді. Мұны көрген британдық фермер ерегісіп, мемлекетінен одан да көп әскери күш сұрайды. Ақыр аяғында қанды шайқас болады. Бұл оқиғаны кейін екі ел президенті естіп, жағдайды реттеу үшін дипломаттарын жібереді. Алайда, мәселе бірнеше жылға созылып, соңында Германия канцлерінің арқасында арал толықтай АҚШ-қа беріледі. Осылайша бір шошқаның әрекеті дауға айналып, соғысқа алып келді.

Просмотров: 2 842

Длительность: 3мин 12сек

Добавлено: 04.12.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.