Көпбалалы аналар неліктен қоғамнан көмек сұрайды?

Көпбалалы болу – бақыт. «Батыр ана» атану қазақтың алтын құрсақты аналарына жат емес. Алайда, пәтер жағалап, әр үйді жалға алып жүрген отбасы үшін көп баланы бағу оңай емес. «Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Балалы үй базар». Көпбалалы аналар неліктен шырылдап, қоғамнан көмек сұрайды? Студия қонағы Ақмарал Сейтбекова өз оқиғасымен бөлісті. Ақмаралды 7 баласымен ешкім пәтерге алғысы келмейді. Оның үстіне «ақ қан» ауруына шалдыққан ұлының диагнозына байланысты жиі көшуге тура келеді. Балаларына жеткілікті киім, тамақ алып беру де қиын. Ер жетіп қалған балалары оған намыстанады. Ақмарал алтын алқа иесі болғанымен, оның пайдасы жоқ. Оны алмаған да. Себебі, балаларының тұрақты тіркеуі жоқ. Аты болмаса, жағдайын түзеуге әсері етпейді. «Жаңа пәтерге 1 ай бұрын көшіп келдік. Бала көп болған соң пәтер иелері алғысы келмейді. Сондықтан, пәтерді жиі ауыстырып тұрамыз. Жеті балам бар екенін айтқанда шошып кетеді. Көпбалалы болғаныма өкінбеймін. Маған тек Ердәулетім жазылып, бір баспаналы болсам, одан артық бақыт жоқ. 7 баламның бесеуі оқиды. Бір балам үйден білім алады. Киімі мен аяқ-киімдері түгел емес. Бірі таңертен, бірі түстен кейін оқиды. Сондықтан, киімдерін ауыстырып киеді. Үкімет көпбалалы болыңдар деп айтқанымен, біздерге жағдай жасамаған», - дейді Ақмарал.

Просмотров: 1 639

Длительность: 14мин 17сек

Добавлено: 26.11.2018

Пользователь: Шаңырақ

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.