Мен өзімді тыйып отырдым: Екі бірдей ұлы суға кеткен Ұлмекен Төлеуова қайғысын қалай жеңді?

Адам үшін баласынан айырылудан асқан қасірет жоқ. Ұл-қызының қазасынан соң қайғыдан қан жұтып, оңала алмай қалатындар да бар. Алайда, тағдыр сынағына мойымай, еңсе тіктеп кетіп жатқандар да жетерлік. Солардың бірі Ұлмекен Төлеуова бүгін «Shanyraq» бағдарламасына келді. «Бұл 1992 жылы болған жағдай. Одан бері 26 жыл өтті. Екі балам кішкентай кездерінде суға кетіп қалды. Үлкенім ол кезде 13 жаста еді. Балам екеуміз, анам, інім бір-бірімізге қолдау болдық. Ол жағдайды айта бастасам, өзекті өкініш өртейді. Қасымда болған, көмек берген анамның тағдырын қайталағандай болдым. Өйткені, анам әкемнен, одан кейін сіңлімнен айырылды. Кейін менің жолдасым, екі балам кетті. Анама қарап, оны аядым, тәубеме келдім. Осы сәтте қасымда басу айтар қариялар көп болды. Содан кейін алға басып, өмір сүрдім. Қайын жұртым өте жақсы адамдар. Олардың қамқорлықтары, демеуі күш берді. Сенімді достарым да көп болды. Қасыңда осындай жандар барда, әрине, өмір сүргің келеді. Балам білімді, иманды, көргенді жігіт болып өсті. Келінім, бес немерем бар. Солардың арқасында алда жүрмін. Әр адам өз мүмкіншілігін білуі керек. Бәрі жаман деп ойлап, жылай берсең, тек өзіңе зиян келтіресің. Мен өзімді тыйып отырдым».

Просмотров: 2 226

Длительность: 6мин 36сек

Добавлено: 25.10.2018

Пользователь: Шаңырақ

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.