Бүгін мемлекеттік ту авторы Шәкен Ниязбековтың туған күні

1992 жылы тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік жаңа рәміздерін дайындау бойынша жұмыс тобы мен арнайы шығармашылық комиссия құрылған еді. Елтаңба, Ту, Әнұран жобаларын жасауға байқау жарияланған. Мемлекеттік ту эскиздеріне 1200 ұсыныс келіп түскен. Солардың арасынан Шәкен Ниязбековтың туындысы ерекше көзге түсіп, Жоғары кеңесте талқыланды. Күн жарқын болашақтың, ал күннен тараған әр шапағат шуақ пен берекенің белгісі. Дала қыраны кеңдік пен азаттықтың, биік мақсатқа ұмтылудың символы. Осылайша ҚР Мемлекеттік рәміздері Елтаңба, Ту, Әнұран 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Шәкен Оңалсынұлы 1933 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Шала туған нәрестенің ата-анасы «баламыз адам бола ма, болмай ма» деп 5 жасқа келгенше туу туралы куәлігін алмаған. Анасы еркел етіп Шәкен атап кеткен балаға тек 1938 жылы қазан айында құжат жазылған. 10 жасында ата-анасынан айырылып, жетім қалған ол Тараздағы мектеп интернатта тәрбиеленген. Орта мектептен соң Ленинградтағы көркем өнер училищесінде ағаш шебері мамандығына оқуға түседі. Студент кезінде ол Эрмитаж, Исаак соборы және Петр сарайы сынды тарихи ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарына қатысты. Суретшінің «Құрманғазы», «Көбік шашқан», «Исатай Тайманов», «Абай», «Шоқан Уәлиханов», «Мұхтар Әуезов», «Сырым Датұлы», «Жамбыл», «Қазақстаннан келген солдат», «Ана» атты шығармалары - бейнелеу өнерінің баға жетпес байлығы. Шәкен Оңалсынұлы шығармашылық жолында көптеген байқаудан топ жарған тұлға. 1961 жылы Глобус теледидарының дизайны үшін Чехословакияда алтын төсбелгімен марапатталған, Волга автокөлігінің дизайнын жасаушылардың бірі де қазақ суретшісі Шәкен Ниязбеков. Қылқалам шебері 1964 жылы Ленинградта өткен «Бейбітшілікті қолдаймыз» атты плакатар байқауында, 1982 жылы республика алаңын көркем безендіруден өткен конкурста бірінші орынға ие болды. Қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының зиратындағы ескерткіш пен Алматы қаласы елтаңбасының авторы да Шәкен Ниязбеков. Қылқалам шебері 2014 жылы дүниеден өтті.

Просмотров: 3 217

Длительность: 3мин 57сек

Добавлено: 12.10.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.