Бүгін – жазушы Оралхан Бөкейдің туған күні

Жазушы-драматург, журналист Оралхан Бөкей 1943 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды. Оралхан Бөкей журналистикаға Шерхан Мұртазаның ағалық қамқорлығымен қадам басқан. 1973 жылы шыққан «Қамшыгер» повестер мен алғашқы әңгімелер жинағы өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен оқырманды бірден баурап әкетті. Кейін оның «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным?», «Мұзтау» әңгімелер мен повестер жинағы шықты. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалық шығармалары, «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері жарық көрді. Жазушының «Құлыным менің», «Текетірес», «Қар қызы», «Зымырайды поездар», «Жау тылындағы бала», «Мен сізден қорқамын» пьесалары бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған. Оның барлық туындылары қайырымдылық пен зұлымдық, күш пен қайрат, шынайылық және алдамшы рухани құндылықтарды ойлауға бағытталған. Оралхан Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Қаламгердің жұмыстары неміс, ағылшын, болгар, қытай, сондай-ақ, ТМД мемлекеттерінің тілдеріне аударылған.

Просмотров: 5 109

Длительность: 3мин 45сек

Добавлено: 28.09.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.