Садық Шерімбек: «JÜZ» кітабының мақсаты - қоғамда қатып қалған қағидаларды бұзу, жаңаша ойлап, стереотиптерден арылу

«Таңшолпанның» бүгінгі қонағы - блогер Садық Шерімбек. Бүгін Астанада оның «JÜZ» кітабының тұсаукесері өтеді. Садық Шерімбек - IT саласының дамуы жайында айтып жүрген мамандардың бірі. Қонақ IT саласының осы күнгі бет алысы, елге берері туралы сөз қозғады. «Бұл кітапты 2015 жылы Сеулде жазып бастап, Алматыда аяқтадым. Таралымы әзірге 2000 дана. Кітапта қоғамның ойында жүрген нәрсе жеткізілді. Сондықтан, әлеуметтік желіде шу көтерсе де, көбісіне жазылған дүние ұнайды. Кітаптың мақсаты – қоғамда қатып қалған қағидаларды бұзу, қоршаудан шығып, жаңаша ойлап, стереотиптерден арылу. Келешекте тағы екі кітабым шығады. Атам шағатай тілінің маманы болған. Жастайымнан сол тілге үйретті. Сондықтан, шығыс әдебиетіне қазығушылығым болды. Шетелде оқып жүргенде шығыс әдебиетін қазақ тіліне аудара бастадым. Келесі кітап – шығыс әдебиетінің аудармалары. Одан кейін қоғамда жоқ бағыттардың бірі – ғылыми-фантастика жанрындағы «Сана» кітабы. Кез келген дамыған мемлекетті алып қарасаңыз, олардың IT саласы жақсы дамыған. Көп нәрсе автоматтандырылған кезде міндетті түрде бұл саланы дамытуымыз керек. Қазақстандағы цифрландыру жақсы бастама деп ойлаймын. IT саласы - еліміздегі ең жаңа саланың бірі. Қазақстандық IT саласы қорғалмаған. Кез келген ақпараттық қауіпсіздік саласы әскери қауіпсіздік саласы секілді. Қарумен жаулағаннан ақпараттық жаулау өте қауіпті. Бұл салаға қатты мән беруіміз керек. Осы саладағы мамандықтар дайындалып жатыр. Бірақ осымен тоқтап қалмай, дамыған мемлекеттердің үздік тәжірибелерін өзімізге алғанымыз дұрыс», - дейді қонақ.

Просмотров: 3 566

Длительность: 10мин 39сек

Добавлено: 21.09.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.