Жүрсін Ерман: Айтыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басында тұрған дүние

Айтыс - ел қазынасы, халық мұрасы. Алматы қаласында «Алатауым-алтын ұям» атты айтыс өтті. Айтысқа көп арасынан топ жарған 20 ақын қатысты. Додада топ жарып, бас жүлдені Төлеген Жаманов ұтып алды. Осыған орай Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының төрағасы Жүрсін Ерман, айтыскер-ақын Төлеген Жаманов «Таңшолпанның» төрінде қонақта болды. «Айтыс Алматы қаласы күнінің аясында ұйымдастырылды. 270 мың тұрғыны бар Алатау ауданының Алатау дәстүрлі театрында өтті. Жалпы ауданның дамуы жаман емес. Рухы биік, тамаша айтыс болды. Мұндай айтысты көрген де, көрмеген де арманда. Төлеген талай бас бәйге алып жүрген жігіт. Қазылар да, халық та риза болды. Арзан қалжың айтатын адам емес, байыппен сөйлейтін жігіт. Айтыста ауылдың мәселелерін қозғады. Төлеген Қарағанды облысының Жаңарарқа ауданының тумасы. Жылқы тұқымын дамытумен айналысатын кәсіпкер жігіт. Сондықтан, ауыл шаруашылығына, ауыл жағдайына қатысты барлық мәселелерді біледі. Алдағы бір-екі айда көп айтыс болады. Мысалы, келесі айдың басында Қостанай облысында айтыс өтеді. Одан кейін Атырауда, Астанада өткізу жоспарда бар. Айтыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басында тұрған дүние. Жалпы, айтыс заманға сай бейімделуі керек», - дейді Жүрсін Ерман. «Алматы ұлттық университетінің тарих факультетін бітіргенмін. Сол кезде алғаш айтысқа қатысқаным бар еді. Одан кейін елге қайттым. Бауырлар, әлеуметтік мәселелер бар дегендей. Содан шыға алмай қалдым. Бірақ, айтыстарға шақырту алып жүрдім. Қолым тигенде табиғатыма, болмысыма, ішкі дүниеме, айтыстың тақырыбына сай қатысуға тырысамын», - дейді Төлеген ақын.

Просмотров: 2 969

Длительность: 18мин 07сек

Добавлено: 18.09.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.